Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Айқын Төлепберген шәкірт тәрбиелеп жатыр

Әнші Айқын Төлепберген өзін халыққа жаңа қырынан таныстырды. Бұл жолы шәкірт тәрбиелеп, продюсерлікті қолға алуды мақсат тұтты.

image-22-02-16-03-07

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Әнші жетекшілік ететін “А” дуэті екі жас әншіден құралған. Олжас 1993 жылы, ал Маржан 1994 жылы дүниеге келген. Екеуі де халыққа “Жанды дауыс” жобасы арқылы танылған болатын.

Топтың атауы продюсер есімінің алғашқы әріпі мен және көп тілдің әліпбиінде бірінші тұратын әріп ретімен байланысты болса керек.

Аталған топ көбінесе лирикалық бағыттағы әндерді салатын болады. Дәл қазір дуэт бірден екі бейнебаянды қолға алған екен. Алғашқысы ырғақты би билеуге лайық болса, екіншісі баяу ритмдегі ән болмақ.

Биыл бейнебаянына көптен жасырған жарын түсіріп, тіпті, бірнеше телехикаяға түсіп, дуэт жазып үлгерген әншінің болашақта қандай қырымен таңқалдыратыны белгісіз.

image

Естеріңізде болса, осы уақытқа дейін әншінің халықты Валентин күнімен құттықтаймын деп басы дауға қалғаны туралы жазған болатынбыз.

Талқылау