Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Айқын Төлепберген Лондон сахнасында ән шырқайды

Әнші Айқын Төлепберген гастрөлдік сапарға аттанып, Лондон сахнасында ән шырқайтыны туралы Stan.kz тілшісіне айтып берді.

image

Күн сайын түрлі жаңалығымен бөлісетін Төлепберген бұл жолы да қапы қалмады. Ел алдындағы есеп беру концертіне ғана емес, гастрөлдік сапарға дайындалып жүр екен. Жалғыз емес, жанында серігі бар. Өзімен бірге жас әнші Дәулет Болатовты ала барады.

1

Әзірге межеленген уақыты мен шетел сахнасында қандай әндер шырқалатыны белгісіз.

Дәулет Болатов елімізге аса танымал болмаса да, осы уақытқа дейін ән шырқап, бірнеше бейнебаян түсіріп үлгерген. Ағылшын, қытай, түрік тілдерін еркін меңгерген азамат “Жұлдыздар фабрикасы” байқауының 3 орын иегері. “Әгугәй”, “Сүйемін сені ғана”, “Ғашық жүрек”, “Алло, алло” атты әндері бар.

9

Естеріңізде болса, осы уақытқа дейін Айқын Төлепбергеннің продюсерлікті қолға алғаны туралы жазған болатынбыз.

Талқылау