Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әйкерім Қалаубаева елге күйеуін көрсетпеуінің себебін түсіндірді

Жеке өмірін құпия ұстайтын әншілердің бірі Әйкерім Қалаубаева елге күйеуін көрсетпеуінің себебін түсіндірді. Әнші әріптестерінің той-томалақтарына әркез жалғыз баратынын айтып берді.

калаубаева_18

Бұл туралы 31 арнаның «Айта берсін» бағдарламасында айтылды.

Қалаубаева өмірінің екіге, яғни отбасылық және өнердегі болып бөлінгенін тілге тиек етті. Айтуынша, оның өмірлік серігі – әскери адам. Сол себепті жолдасы ол туралы ақпаратты еш жерге жария етпеуді сұраған. Тіпті, танымал тұлғалар көп жиналатын жерлерге күйеуі Қалаубаеваны жалғыз өзін жіберетін көрінеді.

«Біздің үйде мерейтойлардың бәрі жабық түрде өткізіледі. Ол тойларда кейбір өнер адамдары болып тұрады. Бірақ БАҚ өкілдерін шақырып, оны көпшілікке паш ете алмаймын. Біздің үйдегі әскери тәртіп солай. Тәртіп емес, қойылған талап десе дұрыс шығар.

Негізі құпия емес, мен мүлдем оны құпия ұстамаймын. Тек қана жарияламаймын. Өйткені әскери құпия ол әскери құпия. Әскери қызметтегі адам болған соң, ондай жағын қозғамауға өтініш білдіреді. Мен де талапқа сай жүруге тырысамын. Өйткені өнер жолы оңай емес. Ол кісі маған дұрыс қабақ танытып, толассыз гастролдерім мен концерттеріме түсіністікпен қарағаннан кейін мен де оның жағдайына кіруге тырысамын. Өнер адамдарының шабысы ерекше ғой. Қаладан қалаға жүреміз. Әріптестерімнің тойына жалғыз келемін, ал отбасылық отырыстарда үнемі біргеміз. Шынында да өмірім екіге бөлінген сияқты. Отбасылық өмірім бөлек, өнердегі өмірім бөлек», – деп түсіндірді әнші.

Жіберіп алмаңыз:

Кәмшат Жолдыбаева: Жеңіл ақша табу үшін өзін-өзі сататын әншілердің қатарына кірмеймін

Ділназ Ахмадиева отбасылы еркекті сүйіп қалғанын ашып айтты

Әнуар Нұрпейісов Қазақстан аруларын жасанды кірпік пен бес тонна бояудан бас тартуға шақырды (видео)

Арман мен Аша қыздары Асылымды қырқынан шығарды (фото, видео)

Талқылау