Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

«Айка» фильмі «Оскар» сыйлығының қысқа тізіміне кірді

Режиссер Сергей Дворецкийдің «Айка» фильмі «Оскар» сыйлығының қысқа тізіміне кіріп, «Ең жақсы шетелдік фильм» номинациясына үміткер 9 фильмнің бірі болып танылды, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі «Оскар» сыйлығының ресми сайтына сілтеме беріп.

«Айка» фильмі «Оскар» сыйлығының қысқа тізіміне кірді

Аталған фильм Қазақстан атынан ұсынылған. Жоғарыдағы номинацияға қатысатын басқа 8 фильмдер келесі болып табылады. Мексикандық Альфонс Куаронның «Рим» фильмі, япондық Хирокадзу Корэддің «Магазинные воришки» атты туындысы, поляктік режиссер Павел Павликовскийдің «Холодная война» кинокартинасы, ливандық «Капернаум» фильмі, немістердің «Never Look Away», даттардың «Виновен» атты фильмдері және колумбиялық «Birds of Passage» кинотуындысы.

2019 жылдың 22 қаңтарында АҚШ-тың киноакадемиясының сыйлығының 5 номинаттары аталады. Ал «Оскар» сыйлығының премиясы 24 ақпанда болады.

«Айка» фильмі Мәскеуде заңсыз тұрып, жұмыс істеп келе жатқан қырғызстандық қыз туралы. Қалаусыз аяғы ауыр болып қалғандықтан ол баласын перзентханада тастап кетеді. Бірақ уақыт өте аналық сезімі оянып, ұлын іздей бастайды.

Аталған фильмдегі басты рөлді петропавлдық Самал Еслямова сомдаған. 71 Канддың кинофестивальде «Ең жақсы әйел рөлі» атты номинацияның сыйлық иегері атанған.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау