Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.
Айгүл Иманбаева тұрмысқа шығуға дайын екенін мәлімдеді
Танымал әнші Айгүл Иманбаева өмірінде оң өзгеріс болғанын айтып, тұрмысқа шығуға дайын екенін мәлімдеген еді. Ол көптен күткен тойының шет елде өтетінін де жасырмады. Ендігі әнші үйлену тойының өтетін уақытын атады.

Бұл туралы 31 арнаға сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.
Әншінің айтуына қарағанда, тойдың аулы алыс сияқты.
«Той 2019-да. Мен сенен бірінші сүйінші сұраймын», – дейді Иманбаева журналист Анна Данченкоға.
Сондай-ақ, Айгүл биылғы жылды тыныш өткізуді жоспарлап жүргенін де айтты.
«Биылғы жылды тыныш өткізейін деп тұрмын. Демалыс пен йога. Тибетке, Катон-Қарағайға демалысқа барамын», – дейді әнші.
Айта кетсек, Айгүл Иманбаева әріптестерін шетелде өтетін тойына шақырған еді.
2,8 шақырымға 4 миллиард теңге жұмсалған: Жетісу облысындағы сарқырамаға апаратын жолдың құрылысы әлі бітпей тұр
Сарқырамаға апаратын жол 2027 жылы қолданысқа берілмек
Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровқа Алматыдан 120 миллион теңгеге пәтер берілмек
Әкімдік тұрғын үй 2026 жылы Милан қаласында өткен қысқы Олимпиада ойындарының жүлдегеріне арналғанын айтты