Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Айгүл Иманбаева әріптестерін шетелде өтетін тойына шақырды

Айгүл Иманбаева биылдан қалмай тұрмысқа шығатынын бұған дейін де меңзеп айтқан еді. Актрисаның бұл мәлімдемесінен кейін Баян Алагөзова да елді қызықтырып, жақын арада Айгүлге қонақ болып баратынын атап өтті, деп жазады Stan.kz тілшісі.

Айгүл Иманбаева

Бұған қарап көпшілік Иманбаева берген сөзінде тұрып, тұрмысқа шыққалы жатыр деп болжады. Актрисаның өзі аталған ақпаратты растамады, алайда жоққа да шығарған жоқ.

Өткен сенбіде Иманбаева 31 арнаның “Айта берсін” бағдарламасына сұхбат беріп, құпияның шетін ашты. Актриса алда қуанышты күн күтіп тұрғанын жоққа шығармады. Иманбаева бақытты күнін Қазақстаннан тыс аймақта тойлайтынын айтты.

“Паспортыңды дайындасаң болды, қалған әңгімені кейін айтамын. Қуанышты жаңалық сол”, – деп журналист Анна Данченконы тойына шақырды Иманбаева.

Ал Мәдина Сәдуақасова әріптесінің бұл жаңалығынан хабарсыз екенін жеткізді.

“Мені шақырған жоқ әлі. Білмеймін, маған тосынсый жасағысы келіп тұрған шығар. Жаңа ары-бері өткенде көзін қысып кеткен”, – деп ағынан жарылды Мәдина.

Еске сала кетейік, бұған дейін Иманбаева өз бойындағы ерекшелік жайлы алғаш рет айтқан еді. Актриса өзінің “айкезбе” екенін мойындаған болатын.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау