Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Айгүл Иманбаева Баян Алагөзованың қолдауымен Прагада бейнебаян түсірді (видео)

Айгүл Иманбаева көбінесе актрисалық қырын дамытып, әншілікті екінші орынға ысырып қоятын өнер иелерінің қатарынан. Сондықтан да Иманбаева біраз уақыттан бері эстрададан қол үзіп қалған болатын. Таяуда әнші бұл олқылықтың орнын толтырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Айгүл Иманбаева Баян Алагөзованың қолдауымен Прагада бейнебаян түсірді (видео)

Ол продюсер Баян Алагөзованың қолдауымен, Чехия елінде бейнебаян таспалады. Бұл орайда Баян мен Айгүлдің бұрыннан бірге жұмыс істейтінін айта кетейік.

Су жаңа туынды Senorita деп аталады. Әннің сазын – Иван Бреусов, ал сөзін – ақын Құрманай Бақтиярқызы жазған.

Айтпақшы, Айгүлдің бейнебаянды Чехия астанасы Прага қаласында түсіруі бекер емес. Актрисаның жалғыз ұлы Асылжан аталған қалада оқып жатыр. Болашақ режиссер Асылжан алғаш рет анасының клип түсіруіне өз үлесін қосқан ұқсайды.

Тағы оқыңыз: 

Жас жігіт Қайрат Нұртастың концертінде сүйіктісіне ұсыныс жасады (видео)

Хит емес, бірақ кино: Ерке Есмаханның жаңа бейнебаяны желіні шулатты (видео)

“Т” әрпінен емес: Төреғалидің үшінші қызына қандай есім бергені белгілі болды

Бүкіл әлем қарсы тұрса да: “Меломен” тобы Ninety one мен Байзақовадан кешірім сұрамайтындарын айтты

Талқылау