Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әйгілі Тото Кутуньо бастаған итальян эстрадасының əншілері Астанада ән шырқайды

Әйгілі Тото Кутуньо, Робертино Лоретти жəне “Ricchi e Poveri” Астанада өнер көрсетеді, деп хабарлайды қалалық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы.

2736720

Астана сахнасында итальян эстрадасының əншілері Тото Кутуньо, Робертино Лоретти, “Ricchi e poveri” тобы жəне “Hit Italy” өнер көрсетіп, 80-ші жылдардың хит əндерін шырқайды, деп жазады Sputnik.

Олардың ішінде: “L’italiano”, “Solo noi”, “O Sole mio”, “Sarà perché ti amo”, “Mamma Maria”, “Jamaica” жəне басқа да туындылар бар.

Концерт халықаралық мамандандырылған ЭКСПО-2017 көрмесіне жəне Қазақстан мен Италия арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнатылғанына 25 жыл толуына орайластырылған.

“Сан-Ремо жұлдыздары — Астанада” итальяндық музыка концерті 19 шілде сағат 19:00-де “Қазақстан”концерт залында өтеді. Билеттерді www.koncertyastany.kz сайты арқылы да сатып алуға болады.

Тағы да оқыңыз:

Голливуд актрисасы: Исекешов өте көркем, білімді жан екен, оның көзінде нұр бар

Павлодарлық полицейлер бір жарым айлық сәбиін жалғыз тастап кеткен әйелді жазаламақ

Биыл елімізде қандай мамандықтарға грант саны көп беріледі?

Талқылау