Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Голливуд актрисасы: Исекешов өте көркем, білімді жан екен, оның көзінде нұр бар

Голливуд актрисасы Бай Лин бірнеше күннен бері Астанада жүр. Ол жақында елорда әкімі Әсет Исекешовпен кездесті.

скачанные файлы

«Ол өте көркем, тартымды, білімді жан екен. Екеуміз кино, «ЭКСПО», Қытай мен АҚШ туралы сөйлестік. Ол маған ұлттық дәстүрге сай қымбат бұйым сыйлады. Өзіне сенімді, ақылды, өзгелерге қамқор адам. Оның көзінде нұр бар», – деп жазады актриса желідегі парақшасында.

скачанные файлы

Бай Ли өз қатарына әлдеқайда жас көрінеді. Актриса 50 жаста болғанымен, қыз мүсінін сақтаған. Жақында парақшасында бикини киіп түскен суретін жариялады. Желі қолданушылары оның сымбатына қайран қалды.

Актриса Астана мешітіне барып, керемет әсер алғанын жазды.

скачанные файлы

«Мен мына жаздың керемет кешін жақсы көрем. Мұнда әлемді танығандаймын. Өмірден түңіліп, бәрінен айырылғанда осында келіңдер», – деп жазады ол.

Астанаға жақында голливудтың бір топ жұлдызы келеді. Олардың ішінде Николас Кейдж, Эдриан Броуди, Джон Малкович бар.

Тағы да оқыңыз:

Көзі тірі 116 жастағы ер адамның 39 баласы болған

Аспаннан құлаған оқ 13 жастағы баланы мерт қылды

Дәрігер отбасын атып өлтіріп, соңынан өзіне қол салды

Талқылау