Әйгілі Тото Кутуньо бастаған итальян эстрадасының əншілері Астанада ән шырқайды
Әйгілі Тото Кутуньо, Робертино Лоретти жəне “Ricchi e Poveri” Астанада өнер көрсетеді, деп хабарлайды қалалық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы.

Астана сахнасында итальян эстрадасының əншілері Тото Кутуньо, Робертино Лоретти, “Ricchi e poveri” тобы жəне “Hit Italy” өнер көрсетіп, 80-ші жылдардың хит əндерін шырқайды, деп жазады Sputnik.
Олардың ішінде: “L’italiano”, “Solo noi”, “O Sole mio”, “Sarà perché ti amo”, “Mamma Maria”, “Jamaica” жəне басқа да туындылар бар.
Концерт халықаралық мамандандырылған ЭКСПО-2017 көрмесіне жəне Қазақстан мен Италия арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнатылғанына 25 жыл толуына орайластырылған.
“Сан-Ремо жұлдыздары — Астанада” итальяндық музыка концерті 19 шілде сағат 19:00-де “Қазақстан”концерт залында өтеді. Билеттерді www.koncertyastany.kz сайты арқылы да сатып алуға болады.
Тағы да оқыңыз:
Голливуд актрисасы: Исекешов өте көркем, білімді жан екен, оның көзінде нұр бар
Павлодарлық полицейлер бір жарым айлық сәбиін жалғыз тастап кеткен әйелді жазаламақ
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?