Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әйгілі әнші Принс өмірден өтті

Америкалық әнші Принс (Принс Роджерс Нельсон) 57 жасында өмірден озды. Бұл ақпаратты әншінің өкілі растады.

KMO_120232_13105_1_t218_201835

Сурет kommersant.ru

Бұл туралы 24.kz хабарлады.

Оның денесі Шанхассен (Миннесота штаты) қаласындағы Paisley Park Records дыбыс жазу студиясынан табылды. Қазір оқиға орнында сот-медициналық сарапшылар мен криминалистер жұмыс істеуде. Өлім себебі әлі анықталған жоқ.

Алайда әнші бірнеше күн бұрын Атлантаға ұшып бара жатқан кезде өзін нашар сезініп, ұшақ Иллинойс штатына шұғыл қонуға мәжбүр болыпты. Әнші тұмау белгілерімен ауруханаға жатқызылған.

Принстің ең танымал альбомы 1982 жылы “1999” деген атаумен шыққан. Бұл еңбегі оны өнер жолында тек биіктерге көтерді. Өзінің музыкалық ғұмырында ол Гремми сыйлығын 7 мәрте иеленген. Оның «Purple Rain» атта баладасы фильмдегі үздік ән аталымымен “Оскарға” лайық деп танылған.

Талқылау