Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Айгүл Иманбаеваның жұрттан жасырған сүйіктісі кім?

Жуырда бейтаныс азаматпен бірге тойға келген Иманбаеваны көпшілік тұрмысқа шығады деп болжады. Актриса жанындағы азаматтың жай ғана досы екенін айтып ақталды. Алайда күні кеше желіде Айгүлдің сүйіктісімен құшақтасып түскен суреті пайда болды.

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Иманбаеваның сүйіктісін халыққа актрисаның Жания есімді көмекшісі көрсетті. Құшақтасқан ғашықтардың суретін желіге жүктеген ол: “Махаббат”, – деп жазып қойды.

Желі оқырмандарының бірі суреттегі азаматты Сәбит Әбдіхалықов деп болжады. Ал өзгелері Иманбаеваға бақыт тілеумен болды.

“Қуаныштымын бала өсті жалғыз қартайғанша серігін тапқаны дұрыс біраз еңбегі сіңді еліне ұлына бауырларына анасына”, “Бақытқа әбден лайық Айгүл”, “Бақытты болсын”, “Әр әйел адам бақытты болуға лайық”, – деп ақ тілегін жаудырды желі оқырмандары.

Жіберіп алмаңыз:

Сиви Махмудидің күйеуінің жолдасымен көңіл қосқаны рас па?

Гүлзира Айдарбекова келінімен бірге қыз ұзатты (видео)

Журналист Байсемізова “кәрі қыздарға” арнап тренинг өткізіп жүр (фото)

Төреғалидің жары Толқынға арнаған әні қалың көрерменді жылатты (фото, видео)

Талқылау