Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Айгүл Иманбаева Сәбит Әбдіхалықовтың пікіріне қарсы шықты

КВН-нен шыққан әзілкештер отандық кинонарыққа өлшеусіз үлес қосып жатса да, кәсіби актерлар оларды мойындауға құлықсыз. Сәбит Әбдіхалықов бір сұхбатында көңілді тапқырлар клубының жігіттерін, әртіс деп санамайтынын айтқан. Бірақ, бұл пікірмен Айгүл Иманбаева келіспей отыр.

Бұл туралы НТК арнасының «Ревю» бағдарламасында айтылды.

«Толыққанды келіспеймін мен бұл пікірге. Өйткені… КВН-нен шыққан біздің жігіттердің, Тұрсынбек бастаған театры бар ғой әзіл-сықақ театры. Ол жерде кәсіби драмалық актер ойнаса, ойнай алмауы мүмкін», – дейді Айгүл Иманбаева.

Әбдіхалықовтың экс-әйелі айтқан пікірге, кезіндегі Сәбиттің сахнадағы серігі де қосылады.

«Сәбит айтқанмен, мен айтқанмен олар әртіс болмайды немесе олар бізден әртіс шықпайды екен деп кетіп қалған жоқ. «Ел іші – өнер кеніші!» Бар, таланттар бар. КВН-нен шыққан таланттар бар», – Жанатбек Бәйтеков.

Ал, өнер академиясының қабырғасында 4 жылын сарп етіп, актер мамандығын тәмамдаған Асан Мәжит үшін, тума таланттардың бағасы құндырақ.

«Адам төрт жыл бойы оқып, өзін кәсіби актермын деп есептеуі мүмкін. Бірақ шын мәнісінде оның сахнада және экранда істеген жұмысымен, оны кәсіби екенін ажырата білу қиындау болып қалатын жағдайлар болып қалады», – дейді актер Асан Мәжит.

Бүгінде, отандық киноиндустрияда қарқынды қызмет етіп жүргендердің көпшілігі – КВН түлектері. Олар өздерін сұранастағы актер, креативті режиссер ретінде де дәлелдеп үлгергендерін айтады. Сондықтан, сырт көздің сынына бас қатырып жүрген жоқ!

«Киноны, театрды кім басқарып жүр? «КВНщиктер!» Сондықтан енді «без комментариев» – деп айта салайын», – дейді режиссер Асқар Бисембин.

«Тәжірибе жүзінде мүлдем басқа болып жатқаннан кейін, халық өзі шешер енді қайсысы дұрыс екенін», – дейді Дәурен Айдарқұлов.

Иә, нағыз талантты таңдауды талғамы биік халықтың еншісіне қалдырдық. Ең бастысы баршасы қазақ өнерінің өркендеуіне аянбай тер төксе болғаны.

Жіберіп алмаңыз: 

Жаманқұлов: Маған қарсы адамдар актриса әйеліме қысым көрсете бастады

Қарағанды жастары Төреғалидің концертіне қарсы шығып жатыр

Қайрат пен Жұлдыз келесі фильмге балаларымен бірге түсуі мүмкін

Ділназ Ахмадиеваның өмірбаяны ағылшын тілі оқулығына енді

Талқылау