Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Айгүл Бабаеваның қызы: Қазір көп бала туудың не қажеті бар?

Әншінің ерке қызы көпбалалы ана атануды армандамайтынын сөз етті. Ол, тіпті, екінші баланы дүниеге әкелу үшін көп ойлануы керектігін айтып жатыр.

_MG_6800

Фото: BeautyLOOK

Бұл туралы 31 арнаның «Айта берсін» бағдарламасында айтылды.

Айгүл Бабаеваның қызы екінші рет ана атанғысы келмейтінін айтып жатыр. Ол бір жылда жеті бірдей пластикалық ота жасатып, 43 кг салмақтан арылған екен. Десе де, Алиса ханым мұнымен тоқтамақ емес. Ол әлі 10 кг салмақтан арылмақ.

«Бала туғым келмейді. Мен бір баланың өзін қанағат тұтатын әйелдердің қатарынанмын. Бірақ, кейін қалауым өзгеруі мүмкін. Сол кезде сіздерге хабарлаймын. Жалғыз өскен ұлым эгоист болады деп қорықпаймын. Оның ешқандай әбестігі жоқ. Мен де жалғыз бала болып өстім. Өзімді жайлы сезіндім. Қазір керісінше «Көп бала туудың не қажеті бар? Кім үшін туамын?» деп ойлануымыз керек. Менімен көпшіліктің келіспейтінін білемін. Десе де, менің позициям осы», – дейді Алиса ханым.


Жіберіп алмаңыз:

Еспанов: Ерте үйленудің бір пайдасы – ерте немере сүйесің

Парвиз Назаров қызының бірнеше бейнебаян түсіріп бергенін айтып мақтанды

Айгүл Бабаеваның қызы: Бала тыйымды түсініп, өз орнын білуі керек

Жұрт Айнұр Тұрсынбаева мен Алтынай Жорабаеваның ұлттық киіміне таңдай қақты (фото)

Талқылау