Еспанов: Ерте үйленудің бір пайдасы – ерте немере сүйесің

Жексенбі, 4 Маусым , 2017 23:48

Әнші жуырда немерелі болды. Десе де, ата атанудың өзіне таң емес екенін айтып жатыр. Мұнымен қатар, ол бәрінен бұрын анасының шөбере сүйгеніне қуанып жүргенін айтты.

17125785_1410526079027691_9114546511991013376_n

Бұл туралы 31 арнаның «Айта берсін» бағдарламасында айтылды.

«Немеремнің атын Әлихан деп қойдық. Ауруханаға түскеннен бастап, үйдегілер қызымның жағдайын біліп тұрды. Таңертең оянып босанбағанын естідім. Түстен кейінгі уақытта құдаларым телефон шалып, немерелі болғанымды хабарлады. Қазір қуанып жүрміз. Бәрінен бұрын шөберелі болған анам қуанып жатыр.

Ерте үйленудің бір пайдасы – ерте немере сүйесің. Қызымды ұзаттым, енді ұлымның кезегі. Сол себепті, барлық нәрсеге дайын болуым керек. Яғни, ата болу маған таң емес. Ұлымды үйлендіруге асықпаймын. «ЖОО-да оқып ал» деп жатырмын. Оны әлі біраз жерге дейін сүйрегім келеді. Өзі де қарсы емес», – Нұрлан Еспанов.

Айгүл Иманбаева да Нұрлан Еспанов секілді келін түсіруге асығатын емес. Еуропада білім алып жүрген тұңғышына әнші «Алдымен, қолыңа диплом ал» деп айтқан екен. Баласының бірінші курсты бітіріп жатқанына қарағанда, Айгүл ханым әже атанатын күні әлі алыста сыңайлы.

«Ұлым маусым айының аяғында бір-ақ келеді. Әзірге емтихан тапсырып жатыр», – дейді әнші.


Жіберіп алмаңыз:

Парвиз Назаров қызының бірнеше бейнебаян түсіріп бергенін айтып мақтанды

Айгүл Бабаеваның қызы: Бала тыйымды түсініп, өз орнын білуі керек

Жұрт Айнұр Тұрсынбаева мен Алтынай Жорабаеваның ұлттық киіміне таңдай қақты (фото)

Айсәуле Бақытбек футбол фанаты болып шықты

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
19.11.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар