Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әйелімен ұрсып қалған Астана тұрғыны аялдаманың шынысын сындырды

Полиция ер адамды ұстады, қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр, – деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Астанадағы аялдамалардың бірінің шынысын сындырған ер адам ұсталды, деп хабарлады Sputnik Қазақстан тілшісіне ішкі істер департаментінің баспасөз хатшысы София Қылышбекова.

Оның хабарлауынша, бүгін таңғы төрт шамасында қаладағы бейнебақылау камералары Ш.Құдайбердіұлы көшесіндегі қоғамдық көлік аялдамасының шынысын сындырған ер адамды түсіріп алады. Полиция сол жерде 26 жастағы жігітті ұстап, Алматы ауданының ішкі істер басқармасына жеткізген.

“Ер адам аялдаманың жанынан өтіп бара жаты, оның шынысын жұдырығымен сындырады. Оның айтуынша, кешке ойын-сауық орындарының бірінде арақ ішіп, әйелімен ұрысып қалған”, — деді Қылышбекова.

Бұл факті бойынша қылмыстық кодекстің “Бұзақылық” бабы бойынше тергеу жүріп жатыр.

Жіберіп алмаңыз:

Алматыдағы сауда қоймаларының бірінен заңсыз сүт өнімдері табылды

Шымкенттік өнертапқыш қазақ әрпін латынға аударудың тиімді жолын ойлап тапты

Енді «шуба» жарнамалағандар жауапқа тартылады

Ақмола облысында мамонттың сүйектері табылды

Талқылау