Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әйелдер бала босанғаннан кейінгі денедегі өзгерістен ұялмау керектігін айтты

Аналар бала босанған сон дененің өзгеруін қалыпты жағдай деген ой айтты.

TakeBackPostPartum аккаунтында аналар бала босанғаннан кейінгі денесінің суреттерін жариялады.

Ондағы мақсат – бала босанған соң дереу өз қалпыға келу керек деген түсініктен арылту. Осылайша әйелдер бала туған соң өзіне келе алмай, бұрынғы қалпынан өзгеріп кеткен әйелдерге қолдау білдіргісі келеді.

«Ана атанған барлық әйелдер, сіздер бәріңіз кереметсіздер. Өздеріңізді жақсы сезініңіздер. Балаларымыз өз денемізді мақтан тұтатынымызды, оларды босанған соң теріміздің өзгеріп кеткенін білсін. Олар сымбатына қарамай бала туып, тәрбиелейтін ата-аналардың отбасында екендерін сезінсін», – деп жазылған аккаунтта.


Фотографтар мамыр айында босанып жатқан әйелдерді суретке түсіру құқығын қорғаған еді. Ананың төсі мен әйелдердің жыныс мүшелері порносуреттерге жатады деп айыптады. Фотограф Селена Ролласон бала босану сексуалдық сипатта емес, ол табиғи жағдай деп түсіндірді.

Тағы да оқыңыз:

Ғалымдар жұмыртқаның жүрек ауруы мен мезгілсіз өлімнен сақтайтынын дәлелдеді

Синоптиктер алматылықтарға қатты дауыл болатынын ескертуде

Керек кеңес: Асқазан жарасын какаомен толықтай емдеп жазуға болады

Талқылау