Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада «Қазақстан аруы 2015» байқауының қатысушыларын таныстырды

Сондай- ақ, қазылар алқасының қатарында «Милосердие» қайырымдылық қорының директоры Аружан Саин, велоспортшы Александр Винокуров, актриса Әсел Сағатова және басқалар бар.

мисс1

«Қазақстандық ғарышкер Айдын Айымбетов 10 желтоқсанда Астана қаласында өтетін   «Қазақстан аруы 2015» байқауында қазыл қатарында болады»,-деп хабарлайды айтылған байқаудың жүргізушісі Динара Сәтжан.

«Мен қазылар алқасына мүшелік ететін азаматтардың есімдерін айтқым келеді. Олардың барлығы  елімізге танымал,сыйлы азаматтар. Қазақ Ұлттық  өнер университетінің ректоры Айман Мұсаходжаева, «Астана» ФК бас менеджері  Қайсар Бекенов, ғарышкер Айдын Айымбетов»,-деді  Динара Сәтжан бүгінгі өткен баспасөз отырысында.

Оның сөзінше бұл тізімге актер Әнуар Нұрпейісов,белгілі дизайнер Ырза Тұрсынзада «Қазақстан аруы» байқауының президенті  Алена Ривлина-Кырбасовалар кіреді.

«Қазақстан аруы « байқауына барлық аймақтан  30 ару қатысады. Олардың арасында мектеп,университет оқушылары журналист, заңгер, визажист мамандары бар екен. 2014 жылғы «Қазақстан аруын» халықтың өзі онлайн дауыс беру арқылы таңдаған еді.

Текелей көрсетілім «Хабар» арнан беріледі.

Сәтжан жеңімпазға 5 миллион теңге мен « Әлем аруы 2016» ға жолдама және  ұлттық нақышта жасалған жасау берілетінін айтты.

мисс2

Фото: Instagram

71

 

000000

мисс3

 

Талқылау