Айдай Исаеваның күйеуі: Жақсы өмірімізге ешкім қиямет жасамайды деген ойдамын

Сенбі, 3 Маусым , 2017 22:52

Қазақстан аруы жолдасынан екі бірдей көмекші алуды өтінген екен. Бұрын бұл қызметті қайын інісі мен қайын сіңілісі атқарған-ды.

18721935_1428563477210106_6959057083605975040_n

Бұл туралы 31 арнаның «Айта берсін» бағдарламасында айтылды.

«Құдайға шүкір, жолдасым менің барлық жағдайымды жасайды. Қазір менің көмекшілерім бар. Үйіме де, балама да қарайлайды. Ал қайын інім мен қайын сіңілімнің өздерінің оқулары басталды. Олар өз беттерінше дамулары керек. Сол себепті, жолдасым кәсіби көмекші жалдауды жөн көрді. Барлық жағына үлгеріп жатырмын. Бала күтушісі болу үшін өзің перзент сүюің керек”, – дейді Айдай ханым.

Десе де, танымал жұп үшін жақсы көмекші табу қиынға соққан екен. Өйткені, олардың қыз-келіншектерге қоятын талаптары қатал. Барлық талаптарын заңгер Мақсат мырза арнайы келісім-шартқа енгізіп қойған.

«Білімді болуы, тәртібі мен талабы өте маңызды. Балаға қарауына қараймыз. Жасырын камера қойдық деп айта алмаймын. Қазір интернет желісінен түрлі жағымсыз мазмұндағы роликтерді көріп жатырмыз. Олардан қорқып та қалдық. Бір шетінен қазір заңымыз да қатал. Құдай сақтасын, балаға бірнәрсе болып қалса, жазасы ауыр болады. Соңғы күтушіміз өзімізге бірден ұнады. Жұмыс бастамас бұрын келісім-шартқа қол қойды.

Жаман оқиға болады деп ойламаймыз. Бірақ, сақтықта қорлық жоқ. Мұнымен қатар, дүние-мүлікке қатысты мәселелер де қарастырылған. Кіріп-шыққан сайын тексермесек те, камералар қойылған. Біз күтушімізге жақсы қараймыз. Дастарханымызға отырып, бізбен бірге тамақтанады. Жалақысы да жақсы. Жақсы өмірімізге ешкім қиямет жасамайды деп ойлаймын. Десе де, қатаң талаптары бар келісім-шарт ойластырғанымыз рас. Жалақысы туралы айтпай-ақ қояйын. Бірақ, 100 мың теңгеден әлдеқайда жоғары», – дейді Мақсат мырза.


Жіберіп алмаңыз:

Айнұр Ілиясова: Балаға анасынан артық ешкім қарай алмайды

Баян Мақсатқызы: Бақыт деген – махаббат дер едім

Бағдат Сәмединова: Қайрат пен Димашты салыстырып не ұтамыз?

Шахизадаға той иесі гонорар орнына аяқ киім сыйлаған

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
27.09.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар