Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Айдарбекова не себепті келініне ашық сұхбат бергізбейтінін түсіндірді

10 жыл бойы Жұлдызды жұрт назарынан жырақта ұстаған Қайрат Нұртастың анасы, «Арман» картинасынан кейін де келінінің БАҚ өкілдерімен тілдесуіне шектеу қойды.

Stan.kz тілшісіне сұхбат берген Гүлзира Айдарбекова, бұдан былай Жұлдыздың жұрт назарына жиі шығара бермейтінін айтады.

«Жұлдыз сахнада жүреді, сахнада өлең айтады деп айта алмаймын. Ол актриса ғой. Ал енді арасында халық сұрап жататын болса, әрине Қайратпен бірге шығып, арасында әндетіп тұрғаны жақсы. Негізі біз Жұлдыз екеумізде әнші емеспіз.

Кейбіреулер: «Барлығы әнші болып кеткен бе?» – деп айтып жатады ғой. Отбасылық концерт болғаннан кейін ғана шығып жатырмыз», – дейді Айдарбекова.

Осы уақытқа дейін түрлі шоуды ұйымдастырса да, продюсердің ұсынған соңғы концерті көптің көңілінен шыққан. 10 жыл бойы немерелері жайлы жұмған аузын ашпаған Айдарбекова, бұл идеясының сәтті түрде жүзеге асқанына дән риза.

«Бізде енді осы уақытқа дейін қаншама концерт бердік қой. Шет елдік әншілермен, Тимати болсын, Нюша болсын, Haddaway болсын бәрімен бердік қой. Алматыдағы жұлдыздармен де бердік. Бірақ ішіндегі ең қатты жұртқа ұнап жатқаны осы отбасылық концерт.

Менің ұлдарым бала кезде өздері талпынатын еді, енді немерелерімде сондай болып жатыр. Алға қойған мақсаты бар. Қазірдің өзінде армандарын айтып, «былай жасасақ қалай болады?» – деп жоспарларымен бөлісіп жатыр», – дейді продюсер.

Жанұялық концерттке отбасының әр мүшесін жақынырақ таныстырып, төрт немересін сахнаға шығарған Гүлзира, екінші ұлы мен келінін концертке қатыстырмаған еді. Желіде бұл сауал жиі жолданғанымен, Айдарбекованың жұртқа айтар жауабы мынадай.

«Екінші ұлым әнге жоқ. Оның түрі, қылығы, мінезі айнымаған әкесі. Бір маған тартқан жері дауысы жоқ. Ән айтпайды, ол бизнесмен. Ол өзі студент болып бизнеспен айналысып кетті. Менің екі баламда негізі Қайратқа арқа сүйемейді.

Өздері табыс табады. Өздері оқып жатады. Өздері барлық нәрсені істеп жатады. Бизнестерін ашып жатады. Бірақ ешқандай ауыртпалық түсірмейді.

Мен соған таң қаламын. Еш уақытта Қайраттан ақша сұрамайды. Көбісі ойлайды, бизнесті Қайрат ашып беріп жатқан шығар деп. Бірақ ағамызға жүк болмаймыз деп, өздерінің тірнектеп жасаған жұмыстары», – дейді Гүлзира.

Продюсердің екінші келіні де өнердің ауылынан алыс екен. Десекте Аянның келіншегі бизнеске бейім болып шықты. Айдарбекованың айтуынша, Жұлдыздың абысыны Қазақстанның фэнш-индустриясында қызмет етуге қызығушылық танытып жүрсе керек.

«Екінші келінімде ән салмайды. Екінші келінім оқымысты. Ол өзі университетте оқып, зерттеп, күніне бір кітапты тауысады. Қазір қосымша бизнесім болсын деп, дизайнердің оқуын оқып жатыр. Олда пысық негізі», – дейді жұлдызды ене.

Оқи отырыңыз:

Ақтаулықтар Кемеровода қаза тапқандардың рухына тағзым етіп, құран бағыштады

Сәкен Майғазиев Кемеровода қайтыс болғандар жайлы жазып елді жылатты

Шетелдікке тұрмысқа шыққан қазақ журналисі: Құдайдан сұрап алған махаббатым, сен аман жүрші

Қызылордадағы атыстан зардап шеккен азамат қайтыс болды

 

Талқылау