Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Айдана Меденованың бала күнгі видеосы жұртты сүйсіндірді (видео)

Айдана Меденова 5 жасынан бастап ата-анасымен бірге отбасылық ансамбльде ән салған. Айдананың ата-анасы да, аға-әпкесі де өнерге жақын жандар. Алайда Меденовтердің үлкені Назым өнер жолына түспеген, тұрмысқа шығып ана атанған ол бүгінде өзін толықтай отбасына арнаған. Ал Ермек Меденовті жұрт Super Star жобасынан жақсы таниды, деп хабарлайды Stan.kz.

Кезінде Меденовтер отбасын бүкіл Семей жұртшылығы танитын. Айдананың айтуынша, олардың отбасынсыз өңірде бірде-бір той өтпейтін.

“Біз басқа балалар ұқсап қуыршақ, ойыншық ойнаған жоқпыз. Әрдайым тойда жүретінбіз. Бос уақыт деген менде болмайтын”, – деген еді Айдана бір сұхбатында.

Алайда етек-жеңін енді жинап, бойжеткен шағында Айдана анасынан айырылып қалған. Бұдан кейін ағайындылар жеке шығармашылықпен айналыса бастаған.

Күні кеше Айдананың ағасы Ермек Меденов балалық шақтағы естелігімен бөлісті. Видеода Ермек пен Айдана қосылып ән шырқауда. Ендеше тамашалай отырыңыз.

Жіберіп алмаңыз:

Арман мен Аша қыздары Асылымның тұсаукесер тойын дүркіретіп өткізді (фото, видео)

Мейрамбек Бесбаев Ғаділбек сұраған әнді не себепті бермей қойғанын түсіндірді

Актриса Назгүл Қарабалина “91” тобына ұқсаған гелзбенд құрды (фото)

Сиви Махмудидің күйеуі алғаш рет сұхбат беріп, не себепті елден жасырынып келгенін айтты

Талқылау