Танымал әншілердің өздерінен аумай қалған сіңлілері (фото)

Жұма, 5 Тамыз , 2016 16:17

Айдана Меденова кішкентайынан бірге өсіп, бірге ойнаған сіңлісін көрсетті.

13628271_1749241911981126_1586509555_n

Фото: instagram.com/aidanamedenova/?hl=ru

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Жуырда Айдана Меденова инстаграм парақшасына бейтаныс бойжеткенмен бірге түскен суретін салды. Аталған суреттегі арудың өзіне қатты ұқсайтыны байқалады. Осыдан кейін желі қолданушылары әншіні сұрақтың астында қалдырған-ды.

Әншінің бөлесінің есімі Бағлан Шағанова екен. Өзі де әпкесінен үлгі алуға тырысатындығын жасырмайды. Осы күнге дейін Бағлан “Miss faculty of humanities” және “Мисс КАЗГЮИУ -2015” сынды байқаулардың бас жүлдесін иеленіп үлгерген екен. Мұнымен қатар, Динара Сұлтан, Санда, Лидо сынды жұлдыздардың да жұрт біле бермейтін сіңлілері бар болып шықты.

новый коллаж

Үш баласы болса да, сәнді киініп, өзіне ерекше күтім жасайтын Лидоға жұрт осы күнге дейін таң қалып келеді. Оның сіңлісі Әлия Байрон да өзінің талғамы мен сымбаты үшін мақтана алады. Әлия да әпкесі секілді шығармашылықпен айналысады. Бар уақытын суретке түсіріп, оны өңдеуге жұмсайды. Ол жуырда ана атанып та үлгерді. Енді желі қолданушыларымен бала тәрбиесіне қатысты кеңестерін бөлісуде.

13658609_570110769858400_567376260_n

Жуырда Санданың әке-шешесінің небәрі 11 жасында айырылысып кеткені туралы айтқан болатынбыз. Осы уақыт ішінде әкесімен бірде-бір рет хабарласпаған екен. Мұнымен қатар, туған сіңлісі Дана да Семейде тұрады екен. Әншінің айуынша, олар мүлдем бір-біріне ұқсамайды. Дананың мінезі қиындау келса, Санда керісінше жұмсақ, мейірімді екен. Араларын бөлген қашықтыққа қарамастан, хабарласып сырларын бөлісіп отырады екен.

13694400_307664319578899_724808800_n

Жуырда Динара Сұлтан ата-анасын таныстырған болатын. Енді міне кезек кіші сіңлісіне келген сияқты. Венера екеуі жақын құрбыдай сырласатын көрінеді. Әншінің өзі шетелде тұратындықтан, көп уақыттарын бірге өткізбейді. Венера Қоскелдиева Атырау қаласындағы Нұрғиса Тілендиев атындағы өнер академиясын тәмамдаған. Ол да әпкесі секілді тамаша дауыс иесі.


Жіберіп алмаңыз:

Қазақстандық жұлдыздар туған сіңлілеріне қаншалықты ұқсайды?

Бір-біріне ұқсай ма: қазақстандық жұлдыздар мен олардың туған бауырлары

Қазақ қыздарына “блондинка” образы жараса ма?

Алматылық әпкелі-сіңлілер «Пусть говорят» бағдарламасынан көрсетілуі мүмкін (Видео)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
23.03.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар