Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Аязда үсті-басын қырау басқан оқушы аяқ астынан 450 мың долларға ие болды (видео)

Қаңтардың басында Ванг Фуман есімді қытайлық бала мектепте емтихан тапсыру үшін, 9 градус аязда 5 шақырым жол жүрген. Жеңіл күрте киген оқушының басында бас киімі де болмаған. Ол сыныпқа кіргенде, сыныптастары күліп жіберген. Себебі шашы мен қасын мұз басып, беті қызарып кеткен еді. Ал мұғалімі оны суретке түсіріп, желіге салып жіберген. Осыдан кейін оқушы бүкіл әлемге танымал болып шыға келді, деп хабарлайды Stan.kz.

8 жастағы Ванг Фуман қытайлық Юньнань елді-мекеніндегі кішігірім ауылда әжесі және әпкесімен бірге тұрады. Анасы отбасын тастап кеткен екен. Ал әкесі шалғайда жұмыс істейтіндіктен, үйіне бірнеше айда бір келетін көрінеді.

Ванг созылмалы гипотермия дертіне шалдыққан. Яғни денесіне жылу жетіспейтіндіктен, үнемі тоңып жүреді. Тіпті қолы ісініп, саусағын басқара алмай қалады екен. Оның мектебінде жылу жүйесі болмағандықтан, балалар сабақта үнемі сырт киімдерін киіп отырады.

Ванг – білімге құштар бала. Себебі тек білім арқылы кедейліктен құтыла алатынын жақсы түсінеді. Ол емтиханда 100 ұпайдың 99-ын жинапты.

Оқушының суреті желіде тарап кеткеннен кейін, үсті-басын қырау шалған баланың жағдайы көпшіліктің жүрегін елжіретті. Ал БАҚ оны «қытай ұлтының табандылығы мен батылдығының символы» деп атады.

Қаңтар айының соңында Ванг әкесімен және әпкесімен бірге Бейжіңге шақырту алған. Полицейлер оқушыны өз көлігімен қаланы аралатқан. Ванг қаланың көрікті жерлерін аралап, артынан өзінің қатысуымен өткен баспасөз конференциясына қатысты. Онда 8 жастағы оқушы болашақта Бейжің университетіне түсіп, полицей не дәрігер болғысы келетінін айтты.

«Үй өте суық. Біз үнемі ағаш көмірін жағып, сырт киіммен ұйықтаймыз. Ал мұндағы үйлер жылы. Жейдемен ғана жүре аламын. Мұндайды бірінші рет көріп тұрмын. Жылу деген – тамаша дүние екен», – дейді Ванг.

 

Ал желі қолданушылары білімге құштар оқушының жағдайына бей-жай қарай алмапты. Олар балаға 3 миллион юань (155 миллион теңгеден аса) жинап берген. Бұл ақша Ванг оқитын мектепке жылу жүйесін жүргізуге, Юньнань елді-мекеніндегі жағдайы төмен отбасындағы балаларға жылы киім мен жылытқыш құрал алуға жұмсалады.

Оқи отырыңыз:

Дәретханада ұзақ отырған қытайлық ер адамның тік ішегі түсіп қалды

Жастай босанған бойжеткен сәбиін аяқ киім қорабына салып, төсек астына тығып кеткен

Сәбидің шығып келе жатқанын сезген әйел аурухана дәлізінде босанып қалды (фото)

Блогер танымалдық үшін қызып тұрған газ плитасына қолын күйдірді (видео)

Талқылау