Сәбидің шығып келе жатқанын сезген әйел аурухана дәлізінде босанып қалды (фото)

Алтыншы сәбиіне жүкті әйел өзінің босанған сәтін есте сақтап қалу үшін арнайы фотограф жалдаған. Фотосурет маманы Тэмми Карин әйелдің босанатын күнін тағатсыздана күтіп жүрген-ді. Себебі Джестің ай-күні жақындап қалған.

Бұл туралы ағылшын басылымы Mirror-ға сілтеп Stan.kz хабарлайды.

Фотограф әйелдің бірнеше күннен бері толғатып жүргенін естігенде фототүсірілімге сақадай сай тұрды. Алайда ерлі-зайыптылар әйелдің қатты толғатуын күткен. Босанатынын сезген кезде бірден перзентханаға аттанған.

Алайда дүниеге келуге асыққан сәби анасының палатаға дейін жетуіне мүмкіндік бермеді. Ақырында Джэс аурухананың дәлізінде босанып қалды. Фотограф Карин қажетті уақытта қажетті жерден табылып үлгерді. Ол ерекше күйде дүниеге келген сәбиді суретке түсіріп алды.

Джес босанатынын сезген соң дәлізде тұрып күйеуіне: “Баламды ұста”, – деп айқайлаған.

“Ауруханаға жеткен кезде босанатынымды айтып айқайладым. Трэвис көлігімен дабыл қағып, ақырында есік алдына тез жеттік”, – деп еске алады Джес.

Карин көмек қажет екенін айту үшін тіркеу бөліміне асыққанымен үлгермей қалды. Әйел ауруханының дәлізінде босанды.

“Денемнен баланың басы шығып келе жатқанын сезіп, шалбарымды шеше бастадым. Қолымды созып едім, баламның басын сездім. Күйеуім қорықпастан баламызды ұстап алды. Босанатын күнімді бұлай елестетпедім. Бірақ балам аман-сау, естен кетпейтін күн болды”, – дейді әйел.

Жіберіп алмаңыз:

Атасының қатігездігі үшін ашыққан жапониялық әйел салмағы 16 келі кезіндегі суретін көрсетті (фото)

Студент қыз сүйіктісіне жүздеген қағаз ақшадан жасалған гүл шоғын тарту етті (видео)

Германиялық ер адам бүйрегін арзан бағаға ауыстыру үшін Шымкентке келді

АҚШ-та жүкті ер адам әйелімен ажырасып, балаларының мұғаліміне үйленіп алды (фото)

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
21.06.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар