Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Аяп кеттім: Ақын Алагөзов Төреғалиге қасақана қастандық жасалғанын мәлімдеді

Ақын Қайнар Алагөзов басына күн туғанда әріптестерінің Төреғалиден сырт айналғанын ашына айтты. Ол соңғы кездері Төрештің басынан арылмаған дауды әлдебіреулер қасақана ұйымдастыруы мүмкін деп болжады. Сондай-ақ, Төреғалидің басынан ауыр күндер өтіп жатқанын атап өтті, деп хабарлайды Stan.kz.

“Қазақ не деген бақытты халық? Төреғалидан басқа проблемасы жоқ. “Жау жағадан алғанда, бөрі етектен” дегендей, соңғы кезде Төрешімді аяп кеттім. Бүйтіп елдің еркесі болмай-ақ қойғаным… Оның басынан дәл қазір нендей жағдай өтіп жатқанымен шаруасы жоқ, сенген бауырдың бәрі шетінен жамандаудың, даттаудың, біреудің күнәсін жабыла әшкерелеудің мәстірлері екен. Басындағы мұңын естісе жүректері езілер. Қалдыбек ағаның не айтып жүргенін білмедім, Алтынбек ағаның кешіне келе алмағанының себебі бар. Бірақ, Әңгіме ол жайлы емес. Төреш жайлы”, – деп бастады сөзін Алагөзов.

Алагөзов Төреғалидің қазақ эстрадасындағы орны жайлы сөз етті. Ол қанша аяқтан шалса да, халықтың Төреғалиді жақсы көретініне сенім білдірді.

“Соңғы 2-3 жылдың ішінде қазақ сахынасынан ойып орын алған ақын-әнші Төреғали бауырым, біреулердің орынын тартып алғандай немесе жарқырағаны соншалық әлдекімдердің көзіне түсті ме екен? Әйтеуір, алдынан тосқауыл шыға берді. Біресе, теледидардан қиды, біресе радио шектеу қойды. Енді бірі келіп кәнсертінің быт-шытын шығарды. Мұның бәрі жүйелі түрде жасалынып жатқан жұмыс екеніне менің көзім жетті. Бірақ, бұл әрекеттерден түк шықпайды. “Күннің көзін алақанмен жаба алмайсың, тауды кетпенмен аласарта алмайсың” демей ме, талғампаз тыңдарман Төрешті тыңдағысы келеді, тыңдайды. Оған ешкім бөгет бола алмайды. Тем более, мына заманда.

“Әр қазақ менің жалғызым” дейтін болсақ, ертеде шалдарымыз “өлтірейін десем жалғызсың” деп, ердің де құнын кешкен. Оның қасында, шыбық сындырғандай қателігі үшін кешірмейтіндей Төреғали орыстың баласы ма? Ұрпағы мырқым болғанмен, Бабам мықты ғой, “Күлме досқа, келер басқа” деген, қояйық енді. Бастарыңа бермесін”, – дейді Алагөзов.

Жіберіп алмаңыз:

Науқас балалардың арманын орындаған Қайрат Нұртас көпшілікті сүйсіндірді (фото, видео)

Қалдыбек Құрманәлі жұлдыз ауруына шалдыққан әншілердің бетпердесін ашты

Роза Әлқожа артық салмағы үшін жылдар бойы елден қысылып келгенін айтты

Балғынбек Имашев: “Жүрсіннің жүйрігі” болсақ та, жекеменшік ақыны емеспіз

Талқылау