Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Аян Ғалиевтің отбасына қуаныш сыйлау үшін әже болып киінген видеосы пайда болды (видео)

18 шілде күні Алматыда болған атыс барысында қаза тапқан полицей Аян Ғалиев отбасын ерекше сүйіп, қадірлейтін еді. Бірер күн бұрын жер қойнына тапсырылған абзал азаматтың желіде отбасылық видеосы жария болыпты.

Безымянный

Отбасы, ағайын-туыс, дос-жарандары үшін ақжарқын азамат, абзал әке, адал жар, қайырымды ұл болып өскен Аянның артында бұдан былай тек осындай естеліктер ғана айтылады.

Аянмен бірге қаза тапқан полицейлерді Алматы халқы аза тұтып, соңғы сапарға шығарып салған еді. Бұған дейін Алматы әкімі мен Аянның көршісі де ерлікпен қаза болған тәртіп сақшысы туралы естелікпен бөліскен болатын.

Видео Аян Ғалиевтің отбасылық мұрағатынан алынды.

Талқылау