Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Аяқ-қолы балғадай жігіт аяқ астынан мүгедек болып адам танымастай күйге түскен

Киелі домбыраны икемге келмейтін саусақтарымен ебедейсіз шерткен Ерболаттың өткені есінде сағымдай бұлдырайды. 33 жастағы жігіттің осыдан 11 жыл бұрын қос ішекті аспапты күмбірлете құйқылжытқаны да санасынан өшкен.

ыы

 

Бұл туралы Евразия бірінші арнасы хабарлайды.

Бірақ, ғажап дерсіз, кешегісін білмейтін кембағал жанның 62 тамырын тербеп, өмір сүруге өң берген арманы өшпепті.

Әзілі әдемі, жайдары жүзді жас жігіттің өмірі 22 жасында күрт өзгерді. Мұндайды ешкім күтпеген. Ерболат Бекішевтің анасы Күләштің күн шығып, түн батса тілейтіні  ұлының аяқтан тұрып кетуі.

«2006-жылы үйге келді, жағдайы нашарлап кетті. Сөйлей алмады. Республикалық ауруханаға апардық. Ауруханадан шыққан соң, мен оған дәрі бердім. Ал түнде түс көріп жатып «Бандиттер мені өлтірді», деп айқай салды да, шошып оянды» — Ерболаттың анасы Күләш Бекішева.

Екі айлық ем домнан соң Ерболат тілге келіп, есін жия бастаған. Ұлының бойындағы жақсы өзгеріске қуанған ата  ана жылт еткен бір үмітті байқағандай болған. Мүмкін, ол дертінен толық айығып, не болғанын өз аузымен айтып берер деп күтті… Бірақ…

«22 ақпанда жағдайы күрт нашарлады. «Мама,көздерім көрмей қалды», деді. Көзі де көрмей қалды, бір аяқ, бір қолы қимылсыз қалды» — Ерболаттың анасы Күләш Бекішева.

Ерболат тепсе темір үзетін шағында төсекке таңылды. Өз бетімен жүріп  тұруды айтпағанда, ас  су ішуге икемі келмей, басына төнген сыртқаттан иіле берді. Қол  аяғы жиырылып, ессіз жанға айналған оған 23 жасында дәрігерлер орталық жүйке жүйесінің қабынуы деген атауынан адам шошитын диагноз қойды.

«Біз бұрын оны Астанаға апарып, частный клиникада инемен емдедік. Ерболаттың беті бері қарап қалды шамалы. Мұндай емдеу курсы 300 мың теңге тұрады, біреуі ғана. Мұндай ақшаны табу қиын бізге, ұлымызға көмектесе алмай отырғанымыз жаныма қатты батады» — Ерболаттың әкесі Әнуарбек Бекішев.

«Телевизордан көрдім осы, Серік Ақшолақов деген хирург дәл осындай жігітке операция жасап жатқан. Ол жігіт те сол көп жыл осылай ауырған. Осындай жағдайларды көп естимін, жүрегіме батады. Ұлымды соған көрсетсем деп ем, бірақ, айналайын-ау, ақша жоқ болып тұр ғой» — Ерболаттың анасы Күләш Бекішева.
Қанабек Түшенбеков қанаты қайырылған ата  ана мен он жылға жуық оңы мен солынан жаңылған жан досы Ерболаттың үйіне жиі бас сұғып тұрады. Сары уайымға салынған егде жастағы ерлі  зайыптыларға өзінше демеу береді.

«Бір күні досымның үйіне амандасуға келіп, Ерболатты танымай қалдым. Көз жасыма ерік бердім. Спортпен шұғылданатын еді.Ешкімге тиіспейтін, аяқ-қолы сау азаматты осындай күйге түсірген не деген жауыздар?!» — Ерболаттың досы Қанабек Түшенбеков.
Қанабек Ерболатпен бір колледжде оқыған. Бозбала шақтан жұптары жазылмаған достардың сыры да, жыры да бір.
Қанабек тағдыр тәлкегіне ұшыраған досына тек осылай ғана қолдау білдіре алатынын біледі. Қол-аяғы икемге келмейтін жолдасының аяқтан тұратынына іштей сенеді. Ал ойлмаған жерден мүгедек атанған Ерболаттың  жасаң кезіндегі жарқын оқиғалар кей кезде еміс  еміс көрініс беріп тұрады.
Ерболаттың ата-анасы ұлы дертінен айығып, шаңыраққа келін әкеліп, немере күлкісін еститін күнді күтеді. Үмітсіз  шайтан, шырғалаңнан шығар жол алда деп біледі.

Жіберіп алмаңыз:

Петропавлда нашақор ұрылар егде жастағы әйелді балғамен ұрып тонап кеткен

Астанада жас жігіт төбелес шығарып, қарсыласын талдырып тастады (фото)

Тимати мен Галустянның мақтауына қалай ілінуге болады: mc_doncha сырымен бөлісті

Шымкенттік әйел өзін тонаған еңгезердей екі жігітті қуып жүріп сөмкесін тартып алған

Талқылау