Аяғынан айырылу кезіндегі естеліктер «Миллион кімге бұйырады?» шоуының қатысушысына жүлделі болуға көмектесті
Аяғынан айырылу кезіндегі естеліктер «Миллион кімге бұйырады?» шоуының қатысушысына 55 миллион теңгеге жуық жүлдені ұтып алуға көмектесті.
Бұл туралы Sky News хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.
«Миллион кімге бұйырады?» шоуының британдық нұсқасына қатысқан Гарет Кендалл ойынның 12-ші сұрағына келгенде, көрермендердің көмегіне жүгіне алмай қалды. Дегенмен, ол «Аркарт ортағасырлық қамалының қалдықтары қай көлдің жағасында орналасқан» деген сұраққа ойланбай жауап бере алды.
«Мен бұл сұрақтың жауабын білемін. Себебі, дәл сол жерде аяғымнан айырылған едім», – дейді Кендалл.
Ол көрермендерге оқиғаның қамалдың өзінде емес, Шотландияның солтүстігінде орналасқан Инвернесс қаласында болғанын түсіндірді.
«Дұрыс есімде болса, ол көлдің жағасында күйреген қамалдың қалдықтары бар. Сондықтан мен Лох-Несс нұсқасын таңдаймын», – деді ол.
Бүгінде бір кафені басқарып отырған Гарет Кендалл 2012 жылдың мамыр айында әйелімен демалысқа барған кезде жол-көлік апаты ұшырап, соның салдарынан аяғынан айырылған. Сол күні ерлі-зайыптылар Шотландияның Инвернесс қаласындағы Аркарт қамалын көруге бара жатқан екен.
Кедалл бұл оқыс оқиғадан кейін «2012 жыл 25 мамыр, бір аяғым қабірде» деп жазып, денесіне татуировка жасатқан.
Тағы оқыңыз:
Пойыз астынан құлап кеткен бес жасар қызды әскери қызметкер құтқарып қалды (видео)
20 жастағы жігіттердің өзі бұрылып қарайды: Ұлыбританияның ең кәрі моделі 67 жаста (фото)
Құдайдың көмегі: Австралиялық азамат аптасына екі рет лотереядан жүлделі болды
Талқылау

"Денсаулық сақтау министрлігі айыппұл салады екен": Қоғам белсендісі өз емханасынан ақылы түрде де ем ала алмай жүргеніне шағымданды
Медициналық ұйым ТМККК және МӘМС жүйесіне кіретін медициналық қызметтер үшін ақы алса, ұйымға айыппұл салынады

Алматылық қыз көшеде "құпия жәшік" ұсынғандардың ұтыс ойынына қатысып, сан соғып қалды
Алматылық қыз бір күн бұрын өзінің 30 мың теңгеге сан соғып қалғанын айтып, басқаларға ескерту жасады