Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Аяғынан айырылған алматылық бойжеткен қайырымды жандардан көмек сұрады

Қатерлі ісік ауруына шалдығып, аяғынан айырылған алматылық бойжеткен қайырымды жандардан көмек күтеді. Назира Аухадиева он екі мүшесі  сау адам сияқты өмір сүріп кету үшін аяғына протез салдыру керек екен. Алайда заманауи жасанды аяқты сатып алуға  мүгедек жанның қалтасы көтермей тұр.

аягынан айырылган 1309

Бұл туралы 31 арна хабарлады.

Адамның арманы асқақ келеді. Біреу баспаналы болуды, енді біреу перзент сүюді қаласа, Надира аяғым болса екен деп армандайды. Оның тізесінде үш жыл бұрын ісік пайда болған. Дәрігерлер ісіктің қатерлі екенін анықтап, қаңтар айында өмірін сақтап қалу үшін аяғын түбінен мәжбүрлі түрде кесіп тастаған.

«Ота жасалғаннан кейін мен 3 күн көрпемді ашып, аяғыма қарай алмадым. Үш күн медбике палатама келіп аяғымды перевязка жасап тұрды. Үш күн қарайын ба, қарамайын ба деп ойландым. Қарай алмадым. Үш күннен кейін ғана бар батылымды жинап көрдім аяғымның жоқ екенін», – дейді Надира Аухадиева.

Экономист болып жұмыс істеп, шауып жүрген бойжеткен әп-сәтте-ақ мүгедектіктің кебін киіпті. Оның ауыр кеселден кейін омыртқасы да сыр бере бастаған. Балдақпен жүрген соң жалғыз аяғы мен қолдарына салмақ түсіп, ісіп кетеді. Надира ел қатарлы жұмыс істеп, ана бақытын сезінгісі  келеді. Алайда «ол үшін маған жасанды аяқ керек» дейді.

«Былай санадым егер пенсиямды жинайтын болсам, ешқай жерге жұмсамай  онда ондай жақсы протезді 2047 жылы ғана ала алады екенмін өз қаржыма», – дейді Надира.

Ал протездеу орталығы Надираға көмек көрсетуге уәде берді.

«Ол қыз келген кезде мемлекеттік тапсырыс бойынша ақша таусылған болатын. Бүгінгі күнге, міне 13 қыркүйекке мемлекет тарапынан ақша бөлініп, сол тапсырысты орындау барысында жұмыс жүргізіп жатырмыз», – дейді Республикалық ортопедиялық протездеу орталығының бөлім меңгерушісі Айгүл Байтоқова.

Надира  шашы түсіп, бір мүшесінен айырылса да қазақ қызына тән нәзіктіктен, мейірімділіктен, өмірге деген сүйсіпеншіліктен айырылмаған екен. Ал Германияда жасалатын сапалы, заманауи протезді сатып алсам ауыртпалығымды ешкімге көрсетпей, өмір сүріп кетер едім дейді.

аягынан айырылган шоты

Жіберіп алмаңыз:

Алматыда қос сәбиді тоңазытқышқа тыққан қаскөй оларды жылап мазасын алғаны үшін өлтірген

Елімізде бензин бағасын қасақана көтерген кәсіпкерлер жауапқа тартылуы мүмкін

Семейде жас келіншек 3 жасар баласын бесінші қабаттан лақтырып жіберді

Ақтөбе облысында тірідей жанып кеткен ауыл әкімінің туыстары болған оқиғаға шенеуніктерді кінәлады

Талқылау