Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағандыда гүлзарларға ондаған пышақты кімнің, не үшін қадап жүргені белгілі болды

Қарағанды қаласында гүлзарларға әр түрлі мөлшерде пышақ қадап жүрген 68 жастағы қала тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz.

Аяғын емдемек болған: Қарағандыда гүлзарларға ондаған пышақ қадап жүрген 68 жастағы кейуана болып шықты

Сурет: Литер

2018 жылдың 21 шілде – 1 тамыз аралығында қалалық ішкі істер органдарының кезекші бөлімдеріне гүлзарлардан пышақтар табылғаны туралы 3 хабарлама түскен.

«Пышақтардың гүлзарларда қалай пайда болғанын анықтау үшін облыстық ІІД басшылығы учаскелік полиция инспекторлары, ювеналды полиция және қылмыстық полиция қызметкерлерінен тұратын 3 топ құрды. Қызметкерлер сол маңдағы үйлердің тұрғындарынан жауап алды. Аумақтағы бақылау камераларындағы бейнежазбалар зерттелді», – делінеді хабарламада.

Полиция қызметкерлері бейнежазбаларды зерттеу барысында пышақтарды гүлзарларға қадаған егде жастағы әйелді байқады. Ол пышақты өзімен бірге пакеткен салып алып жүрген.

Кейуананың тұратын жерін анықтау үшін қаланың ішкі істер органдарының барлық қызметкерлері жұмылдырылды. Нәтижесінде 68 жастағы қала тұрғыны ұсталды.

«Жауап алу барысында кейуана 3 ай бойы аяғының ауырып жүргенін және осындай дәстүрлі медицина жолымен дертінен айыққысы келгенін айтты. Ол журналдардың бірінен пайдаланылмаған пышақтардың көмегімен ауруды емдеуге болатынын оқыпты. Яғни ол үшін пышақтарды ашық аспан астындағы жерге қадау керек. Ол мұндай емді жүргізу үшін пышақтарды әр түрлі сауда нүктелерінен алған», – дейді ІІД-дегілер.

Қазіргі уақытта әйелге қатысты ҚР ӘК 434-бабына (Ұсақ бұзақылы) сәйкес әкімшілік хаттама толтырылды.

Естеріңізге сала кетсек, Қарағандыда балалар алаңынан бірдей 72 пышақ табылған еді. 

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау