Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Аяғы ауырлаған келіншек өзін тастаған беделді азаматтың абыройын төкті

Косметолог әрі заңгер Екатерина Лафит өзін жүкті қылып, артынша тастап кеткен беделді азаматтың абыройын төкті. Ол, тіпті, бұрынғы сүйіктісімен жазысқан хаттарын көрсетті. Екеуі қатты ренжісіп қалған екен. Мұнымен қатар, келіншек ағымдағы жылдың қараша айында сәбиін дүниеге әкелуге дайындалып отыр.

Сурет: Екатерина Лафиттің жеке парақшасынан

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

“”Way Ray” компаниясының қызметкері, “Форель” ойыншысы, Жоғарғы Экономика мектебінің түлегі, “Сколковоның” жиі қонағы Эльданиз Шихлинскийдің маған не істегенін айтқым келеді. Алдағы қараша айында босанғалы отырмын. Өзі балалы болғанымызды қалаған болатын. Қарым-қатынасымыз бір жылға созылып, отбасын құруға шешім қабылдаған едік. Мамыр айында ол менімен қарым-қатынасын үзіп, басқа әйелмен көңіл жарастырып кетті. Ол өзінің жасаған әрекеті үшін кінәні сезініп жүрген жоқ. Керісінше өзін жұртқа отбасы, бала, қайырымдылық, қан беру, рухани баю, жауапкершілік және тәртіп сындыларды ерекше құрметтейтін жандай көрсетіп жүр. Ол бұрынғысынан бетер жиіркенішті болып кетті. Осыған орай, оның шынайы бейнесін көрсеткім келеді. Ешкімнің оның жалған образына алданып қалғанын қаламаймын.

Айтуынша, мені оған ойша опасыздық жасағаным үшін тастап кеткен. Шынайы өмірде мен оның көзіне шөп салған емеспін. Сол кездегі менің ашуыма бола мені ессіздердің қатарына қосып отыр. Менен үнемі қарыз алып жүретін. Соңғы рет “Осы аптада алып келемін” деп 1,5 айға жоғалып, өзіне жаңа әйел тауып алған екен. Менің сөйлесейікші деген ұсынысымнан бас тартып, “Мейірімділік” атты кітабын қайтаруды талап етті.

Жаңа сүйіктісімен тау аралап, оның ұлын көтеріп жүр. Ал өзінің туған ұлының жағдайы не болатыны әлі белгісіз. Жұрттың алдында жақсы әкенің рөлін сомдап жүр. Фэйсбук желісіне де әдемі суреттер салып әлек. Ал әлгі әйел ұлына жақсы әке тапқанына қуанып жүр. Мына жақта менің жағдайым мүлдем қызықтырмайды. Екеуіміз бала жасаған жерге әлгі әйелді алып барған екен. Хоккейге барып, инстаграмға әдемі сурет салып, көптеген лүпіл жинап жүр.

Үшінші отбасын құрып, төртінші баласын дүниеге әкелуді жоспарлап қойған екен. Ал мені ойша опасыздық жасағаным үшін ғана тастап кеткен болатын. Богучар интернатындағы балаларға көмек қолын созғансып  жүр. Ал туған баласының қандай жағдайда дүниеге келетіні бәрібір. Тіпті, перзентхана ақысын төлеуден бас тартып отыр. Тек ютуб желісінен видео көріп, түрлі кітап оқуға кеңес беруде. Сол себепті, алимент туралы тіпті ойламай-ақ қойсам болады. Мен туралы ешкім білмеуі де мүмкін ғой.

Осы жаз бойы өз-өзіме келуге тырыстым. Оның сатқындығын қабылдап, баламды жалғыз өзім асырайтыным туралы ойландым. Оның сүйемін деп берген уәделерінің барлығының жалған екенін түсіндім. Толыққанды отбасын құру туралы мүмкіндігім бола тұра, қате таңдау жасадым. Дәл осындай бақытты шақты баламның әкесімен бірге өткере алмайтыным өкінішті.

Жұрт алдында абыройын сақтап қалу үшін тексерілген жолды таңдап отыр. Яғни мен жөнсіз сөйлеп, оған ауыр сөздер айтып, ойша опасыздық жасап, оны қорлап, уақытында кешірмей, хабарласпай кеткен екенмін. Айтуынша, арадағы байланысты мен үзгенмін. Мұның барлығы жалған. Оның достары мен туысқандарының барлық шындықты білгендерін қалаймын. Әйтпесе, әйелдер туралы тағы да өтірік әңгіме айтып жүрер. Мұнымен қатар, ол өзін ақтап алу үшін мен туралы жаман сөздер айтуы мүмкін. Ал бұл оның қолынан келеді.

Бәлкім біреу оны осы жазбадан кейін жеккөріп кететін шығар? Осы күнге дейін көрген қорлығымның қайтарымы сол болсын. Себебі, өмірімнің соңына дейін “Балаңның әкесі қайда?” деген сұраққа жауап беруіме тура келеді. Менімен бұлай жасауға болмайды! Қараша айында дүниеге сәби әкелу үшін күш-қуат жинағым келеді. Назарларыңызға рахмет!” – дейді Екатерина Лафит.

Аталған жазба желі қолданушыларын шулатып, көпшілік жағымсыз пікір білдіріп жатты. Танымал психолог Лилия Ахремчик те өз пікірін білдірді. “Ер адамның әйелмен бірге тұрмауға құқығы бар. Тіпті, жүктілік кезінде де кетіп қалса өз еркі. Бірақ, ер адам баласы үшін жауапкершілікті алуы тиіс. Әрине, ол еркек болса. Басқа жағдайда оның абыройын ешбір жақсы сөз құтқара алмайды. Ер адамды ісі ғана сипаттайды. Әркім қабылдаған шешімі үшін жауапкершілікті алуы тиіс”, – дейді маман.


Жіберіп алмаңыз:

Білім министрі: Оқулықтағы жалған ақпаратқа қатысты полицияға шағым түсіреміз

Павлодарда полиция капитаны майордың өзін ұрып-соғып, балағаттап кеткенін айтты

«Кетерде анамды қатты құшақтады»: Туыстары қостанайлық жігіттің өлер алдында қалай қоштасқанын айтты

Димаш қарттар үйіне барып жанкүйері болған қазақ ақсақалымен кездесті

Талқылау