Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Аяғы ауыр Мөлдір Әуелбекова сахналық көйлектерін сатқысы келіп жүр

Мөлдір Әуелбекова жуырда тұңғышын дүниеге әкелуге дайындалып жүр. Ол өзгелер секілді белгілі бір тамақ түріне емес, дүкен аралауға қызығушылығы артқанын айтады. Мұнымен қатар, әнші өзіне сыймай қалған сахналық көйлектерін сатқысы келетінін жеткізді.

image

Фото: instagram.com/moldir.auyelbekova/

Бұл туралы 31 арнаның “Айта берсін” бағдарламасында айтылды.

“Соңғы кезде ыңғайлы көйлектер ғана киюіме тура келіп жүр. Бос уақытта дүкен аралап, көйлек таңдаймын. Ал сахналық көйлектерім жиналып тұр. Шынымды айтсам, не істерімді білмеймін. Барлығы сатуымды сұрайды. Бірақ өзгелер секілді инстаграм парақшама салып, сауда жасауға ұяламын. Өзіме мұндай дүние жат. Кейде кісілер жекеге жазып, сыйға тартуымды сұрап жатады. Өтініштерін жерге тастамай, осылайша сыйға тартатын кездерім болады. Өйткені ол көйлектер киілмей босқа тұр”, – дейді Мөлдір Әуелбекова.

Ал әншінің сахналық әріптесі Алтынай Жорабаева жүктілік кезінде гардеробын ауыстырмаған екен. Себебі, әншінің жүкті болған кездегі артық салмағы төрт қызында да бірдей болған.

“Алғашқысында 25 кг қостым, қалғандарында 30-35 кг. Қажетсіз салмақты жарты жылда кетіріп тастаймын. Сәбилерімді омыраудан шығарған кезде өзімді қолға аламын. Біреулер “емізіп жүрген кезде арықтап кетесің” деп жатады. Маған аса әсер етпейді. Оның үстіне қыздарым өте жуас болды. Түнде жыламайды, бөлеп қойсаң, таңертең бірақ тұрады. Олар көп ембегендіктен, тамақты өз бойыма сіңіріп алатын сияқтымын. Артынша жүгіріп, түрлі идея ұстап артық салмақты кетіремін. Бұл үлкен еңбекті талап етеді”, – дейді Алтынай Жорабаева.


Жіберіп алмаңыз:

Мөлдір Әуелбекова декреттік демалысында үй жабдықтарын тігіп жатыр

Мөлдір Әуелбекова: “Мен үшін Баян ханымнан артық продюсер жоқ”

Мөлдір Әуелбекова тойында киітін ақ көйлегін таңдады

Есентаева КешYOU концертіне Мөлдір мен Жанардың не себепті қатыспағанын түсіндірді

Мөлдір Әуелбекованың тойы қалай өтті

Талқылау