Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Автобуста отырған әжелер «Қамажай» әнін орындап, көпшілікті сүйсінтті (видео)

Елордалық автобустардың бірінде отырған жолаушылар хормен «Қамажай» әнін орындаған әжелерді видеоға түсіріп алыпты, деп хабарлайды Stan.kz.

Instagram желісінде жарияланған видеода автобуста отырған әжелер хормен «Қамажай» әнін айтады. Әнші әжелерге жолаушылар ғана емес, желі қолданушылары да тәнті болды.

«Міне, ғажап!», «Керемет, аман болыңыздар!», «Қазақ тілінде ән айтып жатыр. Өмір-жастарыңыз ұзақ болсын. Тамаша!» – деп жазды желі қолданушылары.

 

Қазақпарат басылымының мәліметінше, автобуста ән айтқан әжелер Павлодар облысынан келген ансамбль мүшелері екен.

«Бұл әжелер Павлодар облысынан келген ансамбль мүшелері. Ансамбль мүшелерінің сөзінше, олар Наурыз мерекесіне орай концерт беру үшін Астанаға келген. Әжелер «Жастар сарайы» аялдамасынан автобусқа отырып, Күйші Дина көшесіне дейін келген. Олар ән айтып, әзілдеп, жолаушылардың көңілін көтерген. Ансамбль мүшелеріне басқа да жолаушылар қосылды. Олар – зейнеткерлер. Арасында мүмкіндігі шектеулі жандар да бар», – дейді «Астана LRT» ұйымының баспасөз хатшысы Науат Азанбаева.

Оқи отырыңыз:

Ақтөбеде полицейлер жоғалып кеткен қарияны тауып алып, артынан жібере салған

Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды

ОҚО-дағы баланың ісіне қатысты: Сараптамаға халықаралық мамандар тартылады

Талқылау