Автобус жүргізушісі жолаушының аялдамаға тоқтау туралы өтінішіне ортаңғы саусағын шошайтты

Сейсенбі, 8 Желтоқсан , 2015 7:24

Алматының №118 маршруттық автобусындағы жүргізуші жолаушының аялдамадан тоқтау туралы өтінішіне саусағын шошайтып, жауап қайтарды. Өзін камераға түсіріп тұрғанын көрген азамат әйелге бұл әдепсіз қылығын екі қайтара көрсеткен.

photo_81169

Алматыдағы қоғамдық көлік қызметкерлерінің дау тудыру жағдайы алғаш рет емес. Олар ережені өрескел бұзып айдау немесе жүргізу кезінде телефонмен сөйлесу, жолаушыларға дөрекілік таныту сияқты әрекеттерімен көзге түскен. Ал осы жолы №118 автобустың жүргізушісі назарға ілікті.

Ер кісі жолаушының аялдамадан тоқтауы туралы өтінішіне ортаншы саусағын шошайтқан. Кейін тоқтаған сәтінде алдыңғы есікті ашпай тағы да әйелдің ызасын келтіреді. Жолаушы оның бұл дөрекі әрекеттерін камераға түсіріп алған. Ол жүргізушіге есік ашпаса үстінен протокол жаздыратынын айтады. Соған қарамастан, жүргізуші есікті тек аялдамадан алыстау кеткенде ғана ашқан.

Оның әдепсіздігінен бөлек, тағы бір ереже бұзғанын байқауға болады. Жүргізуші жолаушылардан ақша қабылдап отыр. Ролик басында оның жас баладан билеттің ақшасын алып, кейін кесек ақшасы ғана бар бойжеткеннен төлем қабылдамақ болып жатқаны да камераға түсіп қалған.

Бұл туралы nur.kz  хабарлаған.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
30.03.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар