Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Австралия тұрғыны екі минуттың ішінде 5 баланы дүниеге әкелді

Австралияның батыс жағалауында орналасқан Перт қаласында тұратын Ким Туччи мен оның күйеуі Вон тағы бір сәбидің дүниеге келуін тілеп жүрген.  Егіз бала күтіп жүрген әйел екі минуттың ішінде бес баланы өмірге әкелген.

24CC771100000578-2914804-image-a-45_1421526772608

Бұл туралы informing.ru хабарлайды.

Олардың бұған дейін үш баласы: екі қыз бен ұлы болған еді.

Аяғы ауыр болған әйел дәрігерге көрінген. Оған егіз сәбидің анасы болатындығы жөнінде айтылған. Бірақ екінші рет қаралғанда  ерлі-зайыпты Туччилерді ұнамды да ерекше сый күтіп тұрды – ана құрсағында екеу емес бес перзент  дүние есігін ашуға талпынып жатқан.

Алғаш естігенде Ким не істерін білмей, тек күле берген көрінеді. Бәрі де сәтті аяқталды. Ол небәрі екі минуттың ішінде бес дені сау перзент: бір ұл және төрт қыз туды.

Ерлі-зайыптылар ұлдарын – Кит деп атап, ал қыздарына Тиффани, Эли, Пенелопа және Беатрис есімдерін берді.

Талқылау