Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Авиажолаушы рейс алдында жаңа киім сатып алуға мәжбүр болды

Биші Мэгги МакМаффин Бостоннан Сиэтлге самғайтын ұшақ бортына кіру үшін жаңа киім сатып алуға тура келген. JetBlue әуе компаниясының өкілдері әйелдің “ыңғайсыз киініп алғанын” жақтырмапты.

pic_04c9fe95d99e499cdd91d989ba7451e3

Бұл туралы lenta.ru хабарлайды.

МакМаффин ақ түсті тоқыма көйлек, ақ-қара түсті сызықтары бар шолақ шалбар және дәл сондай шұлық киген. JetBlue қызметкерлері жабық киімдер киюін өтінген. Ол үстіндегі дәл сол киімімен Нью-Йорктен Бостонға ұшып барған. Бірақ, ол кезде ешкім киіміне қатысты сын айтпаған екен.

Мэггидің досы басқа терминалға барып, оған ұзын шалбар сатып алған. Кейінірек компания өз қызметкерлерінің қылығы үшін кешірім сұрап, сатып алынған киімнің ақысын төлеп берген.

Осы оқиға туралы жазылған Мэггидің суреті Фейсбукка жарияланған соң, интернет қолданушылары оны қызу талқыға салды.

“Сіз өзіңізде бәрі дұрыс деп ойлайсыз ба, бірақ өз-өзіңізді құрметтеу жетіспейді”, – деп жазған желі қолданушыларының бірі.

Талқылау