Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ауыр сырқатқа шалдыққан үш жасар Нұрәлінің анасы көпшіліктен көмек сұрады

Көкшетаулық үш жасар бүлдіршінге шұғыл көмек керек. Ауыр сырқатына байланысты сәби аяғынан айырылып қалуы мүмкін. Бұл туралы КТК хабарлайды.

бала

Бірақ Германиялық мамандар оның сырқатын емдеуге қауқарлы екен. Дегенмен, қарапайым отбасының қымбат отаға қаражаты жеткіліксіз.

“Баламның аяғын сақтап қалуға болады. Көмектесіңіздерші. Уақыт өте тығыз. Шетелге барып емделгіміз келеді”, – дейді Нұрәлінің анасы Айнагүл Рахымжанова.

Үш жасар Нұрәлінің сол жақ аяғында қатерлі ісік барын дәрігерлер екі жыл бұрын анықтаған. Сол үшін бөбекке былтыр ота жасалып, 9 рет химиотерапия алыпты. Бірақ одан әзірге нәтиже болмай тұр. Өйткені ісікті емдеу отандық ақ халаттылардың қолынан келер емес.

Енді Нұрәлінің ата-анасы германиялық дәрігерлерге үміт артып отыр. Бірақ ем-домының құны 47 миллион теңгеден асады екен. Ал қарапайым отбасының мұндай қаражаты жоқ. Көмек көрсетемін деген қайырымды жандар төменде көрсетілген телефон нөміріне хабарласа алады.

Реквизиттер: КАZKOM. Карточка номері: 5578342726921593. Шоттың номері: KZ50926023PN03019488 ИИН 880803351081

Дамир Рахимжанов. QIWI: +77051721963. Қазақстан халқы үшін. HALYK BANK. Карточка номері: 4402 5735 0921 4021

Шоттың номері: KZ866010002001721430

Оқи отырыңыз:

Ғалымдар: Секс қартаюды баяулатады

Азаматтар медициналық сақтандыруға салым салғанда қандай қателік жібереді?

Қызылжарлық дәрігер қатерлі ісікті анықтайтын мобильдік қосымша ойлап тапты

Қарағандыда педофилдің құрбаны болған бес жасар қызға ота жасалды

Талқылау