Қазақстан Ауыр атлетикадан Әлем Чемпионатында үшінші орын алды

Жексенбі, 29 Қараша , 2015 10:46

Қазақстан құрамасы бұл додада екі алтын, екі күміс және бір қола медальды (2-2-1) еншілеп, жалпыкомандалық есепте үшінші орынды жеңіп алды. Бірінші орында Қытай(6-4-0), ал екінші орында Ресей (3-3-3) тұр.

атлет

Бұл туралы Stan.kz  Sports.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Бүгін Хьюстонда (АҚШ) өткен ауыр атлетикадан әлем чемпионаты өз мәресіне жетті. Естеріңізге сала кетейік, әуелі 77 келіге дейінгі салмақта Нижат Рахимов көк байрағымызды биіктен желбіретіп, алтыннан алқа таққан еді. Екінші алтынды кеше 105 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Александр Зайчиков ел қоржынына салды.

Сондай-ақ, ерлер арасында 94 келіге дейінгі салмақта Алмас Өтешев пен әйелдер арасында 69 келіге дейінгі салмақта Жазира Жаппарқұл күміс медальды еншілесе, 94 келіге дейінгі салмақта Жасұлан Қыдырбаев қола медаль алған.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
19.01.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар