Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ауыр атлетика олимпиада бағдарламасынан алынып тасталуы мүмкін

Ауыр атлетика спорты олимпиада бағдарламасынан түсіп қалуы мүмкін. Бұған басты себеп – допинг мәселесі.

Бұл туралы life.ru хабарлайды.

Көптеген елдің ауыр атлеттерінің допинг сынамаларының оң нәтиже беруі бұл спорттың қадірін кемітіп тастағандай. Жақында ғана кезекті әлем чемпионатының қарсаңында бірқатар құрамалар әлемдік додадан шеттетілді. Оның ішінде ауыр атлетика державасына айналған Қазақстан, Ресей, Қытай елдері де бар.

Сонымен қатар олимпиадалық спорт түрлерінің танымалдылығының артуы немесе кемуіне оның телевизиялық рейтінгі де әсер етеді. Қазіргі таңда халықаралық олимпиада комитеті ауыр атлетика рейтингінің төмен болып, оны қарайтын көрермендер санының азаюына байланысты жағымсыз шешім қабылдауы ықтимал.

Егер ауыр атлеткадағы дау жалғаса берсе онда біз зілтеміршілер сайысын алдағы Париж және Лос-Анджелес олимпиадаларында тамашалай алмауымыз мүмкін.

Оқи отырыңыз:

Түрмеден шыққан ММА шебері қарсыласын нокаутқа түсірді

Головкин-Альварес кездесуі бокс тарихында ең көп табыс тапқан үшінші жекпе-жек атанды

Ақтөбелік спортшы әлемді мойындатты

Джейкобс Головкинмен екінші рет кездесу үшін НВО арнасымен келісімшарт жасады

Талқылау