Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ауыл тұрғындары қолтырауынның ішінен адам денесін тапты

Макуени ауданындағы Кантуни ауылының тұрғындары қолтырауынның ішінен балық аулауға кеткен адамның дене мүшесін тапты.

Бұл туралы Standart басылымы хабарлады деп, жазады Stan.kz.

16 ақпанда Ату өзеніне балық аулауға барған орта жастағы ер адамды қолтырауын жеп қойған. Оны біраз уақыт өте туыстары мен ауыл тұрғындары іздеген.

Іздеу барысында қолтырауын жатқан жағалаудан балықшының заттары табылды. Ауыл тұрғындары қолтырауынды өлтіріп, ішінен адамның бір қолын тапқан. Осыдан кейін іздеушілер өзеннің бір бөлігін ағызып, қаза болған адамның басқа дене бөліктерін тапты.

Депутат Даниел Маанзо Kения экологиялық қызметіне өзендегі қолтырауындарды жоюға шақырды.

Айта кетейік, Кенияда ніл қолтырауындары көп кездеседі. Олардың ұзындығы бес метрге дейін жетеді. Кейбір қолтырауындар керік, арыстан секілді ірі және мықты жануарларды да жеп қояды.

Жіберіп алмаңыз:

Павлодарлық кондитер 70 келі болатын торт пісірді

Жас жігіт ойын кезінде өзін құлатып жіберген бойжеткенге тосыннан ұсыныс білдірді (фото)

Күшіктері жоқ ит маймыл асырап алды (видео)

Екі қолы жоқ болса да кірпіш қалап нәпақасын тауып жүрген мүгедек жігіт елді сүйсіндірді (видео)

Талқылау