Ауыл әкімі соққыға жыққан баланың анасы мән-жайды түсіндіріп берді

Ақмола облысы Қорғалжын ауданында ауыл әкімінің соққысы салдарынан ауруханаға түскен Диас Мұраттың анасы Айгүл Бекжанова баласын ұрған әкімді кешірмейтінін айтты. Баланың анасы оқиғаның қалай болғанын түсіндіріп берді. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

Айгүл Бекжанова оқиғаның қалай басталып, қалай өрбігінін айтып берді.

«Маған он бір кезінде мектептің директоры қоңырау шалып, балаңыз бір баламен төбелесіп қалды деп хабар берді. Жерді қазып барсам да барамын дедім. Ата-анасымен сөйлесіп, кешірім сұраймын деген ем. Жолдың ортасына келе берген кезде интернаттың балалары қоңырау шалып, «апай тезірек келіңізші, Диас есінен танып қалды. Жедел жәрдеммен ауруханаға алып кетті» деді. Ары қарай не істерімді білмей қалдым», – деп еске алады сол күнді Диастың анасы Айгүл Бекжанова.

Оқиға балалардың келіспеушілігінен басталған.

«Палатасына барған кезде баламның беті аппақ болып кетіпті. Көзі жартылай ашық. Қолы көкшіл. Баламның саусағын қысайын десем, қолы мұздай. Одан кейін ІІБ- не бара жатқанымда қасымдағы балалар жағдайды айтып берді. Мына кішкентай баламды (Диастың інісі Мирас – авт.) бірнеше рет итеріп, құлата беріпті. Мирас Диасқа осындай бала маған тиісе береді деп көрсеткен көрінеді. Диас сабақтан шыққан кезде кабинет жанынан әлгі баланы көріп қалып, оны шақырыпты. Менің балам «Ініме неге тиісесің. Ол менің інім біліп қой» деген кезде әлгі бала итеріп, Диастың кеудесінен бір тартқан. Содан кейін менің балам келіп, оны да бір тартқан. Сол жерде басқа балалар оларды арашалап алып, татуластырған», – дейді анасы.

Оның айтуынша, әкім өз баласының өшін алу үшін мектепке келіп сабақта отырған Диасты соққының астынаа ала түскен.

«Менің балам бөлмесіне келіп отырған кезде еңгезердей адам кіріп келіп, балалардың көзінше «Диас деген кім» деп сұраған. Жанындағы бала «әне» деп көрсетіп, Диас орнынан тұра берген кезде оң қолымен сол жақ бетінен ұрған. Сол кезде бала орындықпен бірге қоса құлап, тумбочкаға басы тиген. Ары қарай баланың есінде ештеңе жоқ. Ал қасындағы бала әлгі ер адамның құлаған орындықты айналып, баланың басынан үш рет тепкенін айтады. Төртіншісі соққысы денесіне тиген. Сол кезде директоры бәрі келіп, әлгі адамды жұлқылап алып кеткен», – дейді Айгүл.

Диас сол жерде орнынан тұра алмай, тілін жұта бастаған кезде дәрігер баланың аузына қасық салып, тілін тартып көмек көрсеткен.

«Баланың әкесі (ауыл әкімі – авт.) ІІБ-не келген кезде артымнан келіп, кешірім сұрай бастады. «Иә, мен хайуандық жасадым. Енді не істейсің? Кешір» деп менен қайта-қайта кешірім сұрай берді», – деп еске алады Айгүл. – «Егер де мені жұмыстан шығарып жіберетін болса саған біз ертең ешқандай көмектесе алмаймыз. Өзің баламен әуре болып қалып қаласың деп үгіт жүргізе бастады. Не істерімді білмей айтқанын істей беріппін. Келесі күні тергеушіге қайта барып, арыз жаздым. Елді қорғайды деген адам баламызды тепкілеп жатса, өзінің тиісті жазасын алсын. Оны кешірмеймін», – дейді анасы.

Айта кетейік, Бала құқықтары жөніндегі уәкіл, Парламент Мәжілісінің депутаты Зағипа Балиева ауруханада жатқан Диастың жағдайын білуге барғанын хабарлаған едік.

Тағы оқыңыз:

Астанада дәрігерлердің салғырттығынан жүкті әйел қайтыс болды

Науқас қызға бүйрегін берген Оралдық жігіт жұмысқа орналаса алмай жүр

Атышулы Замира: Жігітім жоқ, бар болса екіқабат болып баяғыда байға тиіп алар едім

Депутат Балиева әкімнен таяқ жеген баланың жағдайын білуге ауруханаға барды

 

 

 

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
21.06.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар