Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Аулада спортпен шұғылданған атыраулық әже ғаламтор жұлдызына айналды

Атырау көшелерінде спортпен шұғылданған егде жастағы әйелдің видеосы Facebook желісінде қызу талқыға түсті.

ажека

Видеоны желіге Жасұлан Көжеков есімді қолданушы жүктеген.

“Мұнда әжелерге дейін қатал”, – деп жазды автор бөліскен видеосының жазбасында. Жаттығу құрылғысында спортпен шұғылданған әжейдің видеосын екі күннің ішінде 6 мыңнан аса адам тамашалап, видео 133 лүпіл жинаған. Сондай-ақ, 166 желі қолданушысы бұл видеомен өз парақшалырында бөліскен. Пікір білдіргендердің арасында әжейдің немересі Мұратбек Кәрімов те бар. Жігіттің сөзіне қарағанда, әжейдің спортпен шұғылданып жүргеніне біраз уақыт болған. Сондай-ақ, ол ауа-райының қолайсыздығына қарамайтын көрінеді.

«Достар, сендер расында да менің апамды түсіріп алыпсыңдар. Үйді және әжемнің сырт киімін танып тұрмын. Ол спортпен бұрыннан айналысады, бұл біздің ауламызда орналасқан жаттығу орны. «Жасыңыз келді, ауырып қаласыз, одан да үйде отырыңыз» деп бірнеше рет айттым. Бірақ ол тыңдамайды. “Қой басты қатырма, ештеңе етпейді, керісінше жүрекке пайдалы”, – деп айтады. Енді, міне, ол фейсбук жұлдызына айналды», – деп жазды әжейдің немересі.

«Мой город» басылымына сұхбат беру барысында Мұратбек Кәрімов әжесінің 80 жасқа таяғанын, 7 баласы мен 10 немересінің бар екенін айтты. Бүгінде әже жаттығуын күнделікті үзбей жасайды. Бұл қылығын ол бұрын жер үйде тұрғандығымен, ол жерде үй шаруасының көп болғандығымен түсіндірді. Көппәтерлі үйге көшкелі бері әжей өзін жайсыз сезінсе керек-ті. Қарап отырмау үшін ол спортпен шұғылдануға бел байлаған. Бәрінен бұрын, әженің айтуынша, жаттығулар жүректің жұмысын жақсарта түседі екен.

Әжей мемлекеттік бағдарламамен салынған Атыраудағы «Болашақ» мөлтек ауданындағы спорттық аулалардың бірінде жаттығады.

Жіберіп алмаңыз: 

Пәкістанның көк көзді шай сатушысы Instagram жұлдызына айналды

71 жастағы қазақстандық геймер онлайн ойынының жұлдызына айналды (видео)

Шавкат Мирзиеевтің қызы Инстаграм жұлдызына айналды (фото)

Бірдей киінетін ерлі-зайыпты зейнеткерлер ғаламтор жұлдызына айналды (фото)

Талқылау