Әуекомпания ұшақ бортында дүниеге келген сәбиге керемет сый жасады

Дүйсенбі, 22 Тамыз , 2016 14:12

Хейвен атты қыз бала Дубай-Манила бағытындағы ұшақ бортында өмірге келген. Ұшақ қызметкерлері оқыс жағдайда көмекке ұмтылып, тіпті күтпеген жерден өмірге келген сәбиге ерекше сый жасады.

16586415-13895028_1184015138286348_410383545928827516_n-1471592972-650-4cd9f6bfdb-1471682199

Фото:© Missy Berberabe Umandal

Сәбидің өмірге келуіне 5 апта бар болғанымен ұшақ қонуға бес сағат қалғанда анасының толғағы басталған.

Әуекомпания қызметкерлері ұшақ бортында алғаш рет бала босандырған екен. Алайда, олар медициналық білім алғандықтан барлығын ойдағыдай атқарып шыққан. Ал, кішкентай баламен ұшқан жолаушылар жаңа туған сәбиге жаялықтары мен жөргектерін берген.

Барлығының сәтті өткені соншалық, анасы сәбиін босанған соң өз орнына қайта жайғасқан.

Ұшқыш, анасы мен нәрестені емханаға жеткізу үшін жоспардан тыс Үндістанға қоныпты. Рейс көп уақытқа кешіккенімен ешбір жолаушы шағымданбаған. Олар қайта осындай тосын жайттың куәсі болғанын қызық көрген.

16586515-14066407_493988127476963_1124546743553451290_o-1471590756-650-ab404e3394-1471682199

Фото: © Cebu Pacific Air

Ең таңданарлығы Cebu Pacific Air әуекомпаниясының жетекшілігі жаңа туған сәбиге әлемнің барлық еліне ұша алатын миллион әуебилетін сыйға берген. Оның құны – 108 мың долларды құрайды. Оны шектеусіз қолдана беруге болады. Және тек Хейвен ғана емес, отбасындағылар да пайдалана алады.

«Хейвен, сен 36000 фут биіктікте өмірге келген керемет сәбисің. Біз сенің өмірге келуің үшін атсалысқанымызға қуаныштымыз. Сен мәңгі біздің есімізде қалатын жолаушымыз болдың», – дейді ұшақ қызметкерлері.

Жіберіп алмаңыз:

Пойызда босанған әйел нәрестесін вагоннан лақтырып жіберген

Түркияда босанған павлодарлық ұлын сонда тастап кетуге мәжбүр болды (видео)

Тайгада босанған әйелді полицейлер жыртқыш аюлардан қорғап қалды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
24.01.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар