Әуе апаты: дәретханаға кеткен бала аман қалды, ал отбасы күлге айналды
Қырғызстанда болған әуе апаты кезінде дәретханаға шығып кеткен кішкентай бала аман қалған. Ал оның отбасының күл-талқаны шыққан.
Фото: AFP / VYACHESLAV OSELEDKO
Бұл туралы Sputnik Қырғызстан хабарлайды.
Ұшақ Бішкек маңындағы Дача-Суу ауылына құлаған мезетте, дәретханаға шығып кеткен кішкентай бала айтулы апаттан аман қалған. Ал үйде қалған оның отбасы жер бауырлап құлаған ұшақтың жалынына шарпылған.
Оқиғаны журналистерге баяндап берген Қырғызстан вице-премьері Мұхамметқали Абулғазиев, сондай-ақ, тағы бір оқушының мектептен келген кезде өз отбасын таппай қалғанын да айтып берді.
“Баланың тегі Абакиров. Ол Манас ауылында оқиды екен. 2 немесе 3-сынып”, – деді вице-премьер.
Еске сала кетейік, кеше таңғы 7.30 шамасында Дача-Суу ауылына Boeing 747 лайнері құлады. Гонконгтан Ыстанбұлға бағыт алған ұшақ Бішкек әуежайында жанармай толтырып алмақшы болған. Ұшақ апатының себептері анықталып жатыр. Соңғы деректер бойынша 40-қа жуық адам қаза тауып, 13 адам жараланған. Бүгін, 17 қаңтар көрші мемлекетте қаралы күн болып жарияланды.
Оқи отырыңыз:
АҚШ-та Трампты ұлықтау рәсімі өтпей қалуы мүмкін
Әкесі ақша үшін кішкентай қызын жалаңаш суретке түсірген
Ыстанбұлда түнгі клубта адамдарды қырып салған террорист қолға түсті

“Үш жерде жұмыс істесем де, отбасымды асырауға жетпеді”: Шотландияға кеткен отандасымыз Қазақстандағыдан 10 есе көп жалақы алатынын айтты
