Әубәкіровтің өліміне күдіктілердің қылмысты атқару кезіндегі рөлдері көрсетілген тергеу сызбасы жарияланды

Дүйсенбі, 15 Ақпан , 2016 22:05

Ерасыл Әубәкіровтың өліміне қатысты жаңа деректер шығып жатыр. Ғаламторда студентті өлтірді деп күдікке ілінгендердің қылмысты атқару кезіндегі рөлдері анық көрсетілген тергеу сызбасы жарияланды. Оған сәйкес, 23 жасар студент өскемендік бай баласы Аян Мейірбаевтың тапсырысымен, өлтірілген. Интернетке тарап кеткен ақпарат бойынша, студентті қинап, азаптап өлтірген үйдің мекен жайы да көрсетіліпті деп хабарлайды ктк арнасы.

1_354

Марқұм Ерасыл Әубәкіровтың өмірінің соңғы минуттары  Астананың шетіндегі коттеджде өткен. Екі қабатты үйде 23 жастағы студентті бірнеше күн қамап ұстап, кейін азаптап өлтірген. Қанды қылмыс болса да, коттедждің есігіне қара құлып салынбапты. Жантүршігерлік оқиғаның ізін жасыру үшін қожайыны қан болған төсек пен жердегі кілемді алып тастап, шаршы метрлерін жын-ойнаққа жалға беруін жалғастыруда.

Ал, Ерасылды өлтіріп, кейін қарға көміп тастады деген күдікке ілінгендердің барлығының аты-жөндері белгілі болды. Тіпті, ғаламторда тараған мына кестеде Аян Мейірбаев бастаған күдіктілердің адам өлтіру кезіндегі рөлдері мен бір-біріне шалған қоңыраулары анық көрсетілген. Мәселен, қылмыстың үстінен түсіп, барлығын таспаға түсірді делінген Нұрбек Әжімбай қылмыстың ұйымдастырушы ретінде аталыпты.

ерасыл

Ал, оған тапсырыс берген Аян Мейірбаев. Полицейлер құрастырды делінген сызбаға қарағанда, Ерасылды Виталий Шерстенев және Андрей Тихоненко есімді Оңтүстік Қазақстанның тумалары өлтірген болуы мүмкін. Тергеу аяқталғанға дейін сот бұл төртеуді 2 айға қамауға санкция берді. Ал, басты күдікті Мейірбаевтың Өскеменге танымал кәсіпкер әкесі ұлына қатысты мәлімдеме жасады.

«Кәсіпкер деген кім? Ол құдай емес, билігі бар адам емес. Байдың баласы болса, заңға бағынбауы керек пе? Менің балам шағын коммерциялық келісімдерде кейбір тапсырмаларды орындады. Аян менің компаниямда заң жөніндегі кеңес беруші маман болды. Ұлыма қатысты айтылып жатқан сөз маған ауыр тиіп отыр. Бірақ ашуға берілмеймін, ешкімді айыптамаймын, ешкімді қорғаштамаймын. Құзырлы орындар барлығын анықтайды»,-дейді күдікті А.Мейірбаевтың әкесі Есен Мейірбаев

Ал, қара жамылған отбасы жексенбіде Медицина университетінің 6 курс студенті Ерасылды соңғы сапарға шығарып салды. Онымен қоштасуға жүздеген адам келген. Достары, туыстары, Астанада бірге оқыған курстастары да осында болды.

«Ерасылдың ата-анасына қиын болды. Жалғыз баласынан айырылып отыр. Біреуді өлтіруге ешкімнің қақы жоқ. Құдай барлығын көріп тұр. Қылмыскерлер тиісті жазасын алса екен дейміз»,-дейді марқұмның туысы Динара Ысмаилова.

Күллі елдің назары ауған шулы істе басты күдікті Аян Мейірбаевтың бұған дейін ауқатты отбасыдан шыққаны айтылған. Сөйтсе, әкесі Есен Мейірбаев Өскемендегі «Еуразия» сауда үйімен қатар бірнеше демалыс орындарының иесі екен.

Осы әкесінің айтуынша, Ерасылдың өлімінен кейін 32 жастағы ұлы Аян дереу Өскеменге ұшып барып мән-жайды айтып берген. Ал, кейін қанды қылмысқа күдікті деп танылған соң, астаналық полицейлердің шақыртуымен қайта Елордаға оралыпты. Қазір ол 3 сыбайласымен бірге тергеу изоляторында отыр.

Бүгін ғана Астана соты студенттің өліміне қатысы бар деп айыпталғандардың есімдерін жариялаған еді.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

4
Комментариев
  • Жұмбақ жан says:

    Бауырымыздың жатқан жері жəйлы болсын жаны жəннəтта болсын. Қан ішер жауыздарды қинап азаптау керек бір алла берсін жазаларын. Біз қазақ емеспізба недеген масқара бір бірімізді осылай олтіре берсек неміз калды.

  • Жұмбақ жан says:

    Нагыз канышер гой, неткен жауыздык анандай жауыздыкпен олтирип тастап, аспай- саспай акесине акыл сурауга барган.

  • Жұмбақ жан says:

    32жаста өз басына жауап бере алмай,əкесінен ақыл сұрауға барған ба?Əкесінің жұртқа қарап сөйлемек түгілі,дем шығаратын шамасы болмас еді.Не деген бетсіздік!

  • Жұмбақ жан says:

    Акесине барганша неге полицияга бармады?

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
24.03.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар