Атышулы Дәурен Айдарқұлов: Мекке шаһарына баруды жоспарлап отырмын

Он екі ай бойы тынбай еңбек етіп, жаңа жылдан кейін шағын демалыс алатын жұлдыздар алдағы жоспарларымен бөлісті. Иә, 2018 жылы қазақ өнері өкілдерінің бір тобы шет елге саяхаттап қайтуды жөн деп шешсе, енді бір тобы отандық туризмді қолдауға ниетті екендерін айтады. Сонымен, ит жылының басында кім, қайда аттанaды? Stan.kz тілшісі арнайы сауалнама жүргізіп көрген еді.

«Биыл кішкентайлы болдық. Сондықтан шет елге шығуға сәл ыңғайсыздық туып жатыр. Бала кішкентай болғандықтан жылайды, мазаны алады, өзін жайсыз сезінеді. Шет елге биыл қатты талпыныс жоқ. Бірақ ойым бар, осы қаңтар, ақпан айларында осы өзіміздің Шымкент қаласындағы Сарыағашқа барып, ем алып, демалып деген сияқты жоспарларым бар», – дейді әнші Талғат Жорабаев.

Ал, тауық жылында ақ құсын қолына қондырған Асылхан Төлеповтің демалысқа дейін тындырар тірліктер көп екен.  Бірақ, жас депутат қысқы саяхатты Қазақстанда өткізуді қалайтындардың қатарында. Актер бой көрсететін кезекті картинананың түсірілімінен кейін, жас жұбайлар өздеріне шағын демалыс жарияламақ.

«Біз енді жаңа жылдық демалыстан гөрі, Артурдың тойына дайындықты бастап кеттік. Одан кейін бір фильмге түсу жайлы ұсыныс келді. Әзірге нақты бекітілген жоқпын. Бірақ достарым демалысқа шақырып жатыр. Қаңтар айының бесінен бастап бір 10 күнге Бурабайға, Оқжетпеске барып қайтсақ деген жоспар бар. Мүмкін бір демалыстарымыз сол болатын шығар», – дейді Асылхан Төлепов.

Айтпақшы, атышулы Айдарқұлов та 2018-дің қаңтар айында түсірілетін кинотуындының басты рөліне бекітіліпті. Жыл бойы жеке өмірі халықтың қызу талқысына түскен Дәурен, соңынан ерген қауесеттен шаршаса керекті. Актер ақпанда қасиетті Меккеге аттанып, құлшылық етіп келуді құп көрген.

«Қаңтардың басынан бастап тағы бір киноға түсейін деп жатырмын. Картина «Сыныптастар» деп аталады. Түсірілім аяқталған соң, бірден қасиетті Мекке шаһарына баруды жоспарлап отырмын. Ол жаққа барып, ұмра яғни, кіші қажылыққа барып қайтсам да деген ниетім бар», – дейді Дәурен Айдарқұлов.

Бүгінде шет елге саяхат жасау мақсатында Нұрлан Еспановқа да түрлі ұсыныстар түсіп жатыр екен. Алайда, ақ көңіл әншінің таңдау жасай алмай, басы қатып жүрген көрінеді.

«Менде әріптестерім сияқты жаңа жылдан кейін шет елге барамын. Шарм-эль-Шейх па, әлде Дубай немесе Малайзия деп отырмыз. Ұсыныстар көп түсіп жатыр. Біз енді жиналып бармақшымыз. Бұл жолы Абай Бегей, Асхат Тарғынов бәріміз жиналып, 10 күнге баратын шығармыз. Дәл қазір туристік агенттіктермен келісіп жатырмыз», – дейді Нұрлан Еспанов.

Әріптестері мың толғанып жатқанда, Құдайберген Бекіш демалыс мәселесін баяғыда шешіп қойғанын айтады. Пысық әнші жыл сайын қысқы саяхатын алдын-ала жоспарлайды. Биылда бұрынғы үрдістен жаңылмаған. Жыл басында Құдайберген мырза жұбайымен Қызыл теңіздің жағасында қыздырынып қайтпақ.

«Біз былтыр Тайландта болдым. Тоғыз күнде ерекше әсерге бөленіп қайтқанымыз бар. Ал, биыл мен Египетке жолдама алып қойдым. Жолдасымыз екеуіміз 12 күнге Қызыл теңіздің жағасында демалып, қыдырып қайтпақпыз», – дейді Құдайберген Бекіш.

Оқи отырыңыз:

Қайрат Түнтеков “I’m a singer Kazakhstan” жобасында жеңімпаз атанды

Ерлан Қарин көпшіліктің наразылығын тудырған «Қозы мен Баян» телехикаясына қатысты дауға жауап берді

Тұрсынғали Алагөзов жартылай жалаңаш Баян Мақсатқызын періштеге теңеді (видео)

Баян Мақсатқызы: Мен адамдардан мейірім, махаббат пен түсіністікті күтпеймін

Неге тарихи фильмді Баянға сеніп тапсырдыңыз: Белгілі журналист «Қозы Көрпеш-Баян Сұлу» телехикаясын сынап тастады

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
16.07.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар