Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тұрсынғали Алагөзов жартылай жалаңаш Баян Мақсатқызын періштеге теңеді (видео)

Еліміздегі атышулы жұп Тұрсынғали Алагөзов пен Баян Мақсатқызы таяуда некелерін қиған еді. Ендігі Алагөзов заңды жұбайымен түскен суреттері мен видеожазбаларын жиі жариялай бастады. Ол кезекті жазбасында Баянның сұлулығына тамсанып, періштеге теңеді, деп хабарлайды Stan.kz.

Белгілі кәсіпкер Тұрсынғали Алагөзов Instagram желісіндегі парақшасында жұбайы Баян Мақсатқызымен түскен видеосын жариялады. Видеода атышулы продюсердің денесін орамалмен жауып тұрғаны байқалады. Ал Алагөзовтың өзі жұбайын періштеге теңеді.

«Мен ақылгөйсіп тұрғанда, көктен әйел бейнесінде періште түсті. Менің ойымша, ол менің сиқырлап алу үшін, табанына сиқырлы май жағып жатыр. Не істеймін?» – деп жазды Тұрсынғали Алагөзов.

 

Өз кезегінде желі қолданушылары денесінде орамалдан басқа лыпасы жоқ Баян Мақсатқызын және оны жартылай жалаңаш күйде жариялаған Алагөзовті сынап тастады. «Баян жаңа жылға жақсылап дайындалып жатқан сияқты. Орамалын шешіп тастамағаны жақсы болды», «Қолданушылардың барлығы сізге емес, орамал оранған Баянға қарап отырған сияқты», «Әйеліңізді масқаралап жатырсыз ғой», «Сіздің мұндай әрекетіңізге таңданбаймын. «Тең-теңімен, тезек қабымен» дейді ғой. Бәрін уақыт көрсетеді», «Жақында ішкиіммен тұрғанын жариялайтын шығар», – деп жазды ашуланған желі қолданушылары.

Оқи отырыңыз:

Баян Мақсатқызы: Мен адамдардан мейірім, махаббат пен түсіністікті күтпеймін

Неге тарихи фильмді Баянға сеніп тапсырдыңыз: Белгілі журналист «Қозы Көрпеш-Баян Сұлу» телехикаясын сынап тастады

Жүрсін Ерман Төреғали Төреәліні сахнаға шығару үшін халықтан рұқсат сұрады

Баян Мақсатқызының «Қозы Көрпеш-Баян Сұлу» телехикаясы эфирден көрсетілмейтін болды

Меруерт Түсіпбаева Баян Есентаева түсірген «Қозы Көрпеш-Баян Сұлу» фильмін сынап тастады

Талқылау