Атышулы Байзақова отандық комедияда басты рөлді сомдамақ

Нұрлан Батыров «Безумная женщина» комедиясын таспалауға кірісті. Вайнер бұл фильміне атышулы Айжан Байзақованы шақырған көрінеді. Дегенмен, Нұрлан сылқымға қатаң талаптар қойыпты. Қандай? Жауабын Батыровтың өзінен сұрап көрейік.

Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасында айтылды.

“Жаңа ғана Айжанның өзі менің жаныма келіп, ұсыныс білдірген соң, мәтінді бірге қайталап шықтық. Ал, арнайы талаптарға келер болсам, әрине ол заңды құбылыс. Байзақовамен келісімшартқа да отырдық”, – дейді актер, продюсер Нұрлан Батыров.

Атышулы арудан өзге Батыров өз комедиясына танымал вайнерлер мен әйгілі актерларды шақырған. Тіпті, картинада Баян Алагөзова да төбе көрсетуі тиіс еді. Алайда, азулы продюсер жеке себептермен түсірілімнен бас тартқан көрінеді. Есесіне, «Безумная женщинаның» сценариін жазуға киносыншы Карим Кадырбаевтың өзі кіріскен.

«Безумная женщинаның» танымалдылығы әлеуметтік желі шекарасынан асуда. Көптеген оқырман бұл кейіпкер туралы толық метрлі туынды түсіруімізді сұрады. Сондықтан да, уақыт созбай «Безумная женщинаның» бағын кино саласында жағуға кірістік”, – дейді Батыров.

Толықметрлі лентада әрдайым бұйра шашты сылқымның жанынан табылатын Шако да ұмыт қалмапты. «Менің кейіпкерім, Безумная женщина мен оның жігітінің арасына от салумен болады» дейді ол.

“Бұл енді, сондай бір өте күлкілі болады деп ойлаймын. Менің кейіпкерім, өзі «Шако». Мен өз-өзімді ойнайтын боламын. Жалпы бұл жоба біз үшін үлкен сынақ болайын деп тұр. Өйткені үлкен кино, көптеген адамдар бізбен бірге жұмыс істейтін болады”, – дейді Шәріп Серік.

Көптеген адам демекші, қалың бұқара картинада бас кейіпкерлерден өзге Жания Джуринская, Ерден Телемисов сынды актерлардың жұмысын тамашалай алмақ. Ал, комедиялық туындының тұсауы осы жылдың мамыр айында кесіледі деп күтілуде.

Жіберіп алмаңыз:

Меруерт Түсіпбаева енді Баянның құрбысы Динара Сәтжанға шүйлікті

Әнші Бауыржан Исаевтың концертіне 9 адам ғана келді

Әнші Байзақова: Атышулы блогер ән айтып, бейнебаян түсірді (видео)

Сәкен Майғазиев “Қалаулымның” шашбауын көтеріп жүрген әріптестерін сынап тастады

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
20.06.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар