Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әнші Бауыржан Исаевтың концертіне 9 адам ғана келді

20-21 ақпанда Атыраудағы Махамбет Өтемісұлы атындағы академиялық драма театрда белгілі әнші Бауыржан Исаевтың концерті өтті.

Оның келетіні жөнінде халыққа алдын ала хабарланбағандықтан, бірінші күні залда тек тоғыз ғана көрермен болды, деп жазады Ақ Жайық.

Сол күні театр кассасына басқа шаруамен барып тұрғанда, алдымнан өзін Жақсылық деп таныстырған бір ер адам бір сағаттан соң Бауыржан Исаевтың концерті болатынын айтып, билет құны «небары 1000 теңге» екенін және «небары 10-ақ билет» қалғанын айтты. Бұл концерт туралы неге алдын ала хабарландыру болмағанын сұрағанымда, ол билеттер мекемелерге сатылғанын, сол себепті қалада хабарландырулар ілінбеді деп жауап берді. Басталар уақытта залға адам жиналмаған соң, концерт өтпейтін шығар деп топшылап отырғанымызда әнші сахнаға шықты.

«Не деген көпсіздер!» деп сөзін бастаған Бауыржан Исаев 1998 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданындағы концертінде небары үш адам жиналғанына қарамастан концерт өткізгенін есіне алды. «Оның қасында тоғыз адам әжептәуір ғой» деп әзілдеп те қойды. Жалпы, концерт бойы әнімен ғана емес, әзілімен де көрермен көңілін көтеріп отырды. Өзі туралы да айтты. 1979 жылы Оңтүстік Қазақстан облысына туған әнші кіші жүздің тама руынан екен. Бүгінде үш қыздың әкесі.

Жіберіп алмаңыз:

Бойдақпын мен: Әлішер Кәрімов үйленемін деп уәделескен қалыңдығымен айырылысып кетті

Сәкен Майғазиев “Қалаулымның” шашбауын көтеріп жүрген әріптестерін сынап тастады

Қорқып кеттім: Қайрат Әділгерей “Түнгі студия” бағдарламасына қалай шақырту алғанын айтты

Талқылау