Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атыраулық полицей жоғалып кеткен 8 жасар баланы аз уақытта тауып алды

Атырауда 8 жасар бала мектептен қайтқаннан кейін үйіне қайтып келмеген. Баласы үшін алаңдаған ата-анасы полицияға жүгініпті.

Атыраулық полицей жоғалып кеткен 8 жасар баланы аз уақытта тауып алды

№ 17 мектепте оқитын 8 жасар оқушы сабақтан кейін үйіне келмеген, деп хабарлайды “Мой ГОРОД” порталына сілтеме жасап Stan.kz.

«7 қарашада «102» пультіне баланың жоғалып кеткені туралы қоңырау түсті. Атырау полициясының жеке құрамы шұғыл жиналып, учаскелік және ювеналды инспекторлар, жол патруль полициясының қызметкерлері, жалпы саны 143 адам баланы іздеуге жұмылдырылды», – дейді Атырау облыстық полиция департаментіндегілер.

Учаскелік инспектор Айдын Қаженов жоғалып кеткен баланы аз уақыт ішінде Жұмыскер ықшам ауданынан тапты.

«Бала жалғыз болды. Ол келе жатқанда, бірден күмәнданып қалдым. Оны полиция бөлімшесіне алып келдім. Ол жерде балаға ата-анасы келгенше психологиялық қолдау көрсеттім», – дейді Айдын Қаженов.

8 жасар Әлиханның анасы цскакелік полицияға және іздестіруге қатысқан еріктілерге алғыс білдірді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау